16.04.2009, 17:21 3224

Алматыда ағымдағы жылы жер үйлер орналасқан аудандарды газбен қамтамасыз етуге 350 млн теңге бөлінген - әкімдік

Алматыда ағымдағы жылы жер үйлер орналасқан аудандарды газбен қамтамасыз етуге 350 млн теңге бөлінген - әкімдік

Алматы. 16 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда ағымдағы жылы жер үйлер орналасқан аудандарды газбен қамтамасыз етуге 350 млн теңге бөлінген. Бұл туралы кеше Алматы қалалық әкімдігінде өткен кеңесте энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Серік Құсайынов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"2009 жылы жеке баспаналар тұрғызылған аудандарды газдандыруға жергілікті бюджеттен 350 млн теңге бөлінген. Бұл қаржы Көкқайнар, Дархан, Қалқаман тағы басқа ықшамаудандарды газбен қамтамасыз етуге жұмсалады", - деді ол.

"Бұл аталған ықшамаудандардағы экологиялық ахуалды жақсартуға көмектеседі. Осы ықшамаудандардың тұрғындары бүгінгі күнге дейін қаладағы экологиялық ахуалды нашарлата түсетін көмір және басқа да отын түрлерін пайдаланатыны өздеріңізге мәлім", - деді ол.

Өз кезегінде қала әкімі Ахметжан Есімов атап өткеніндей, ықшамдаудандарды газбен қамтамасыз ету жұмыстары "бір мезетте жүзеге асырылмайды, өйткені бұл қолда қазір жоқ газ ресурстарын талап етеді". "Газбен қамтамасыз етуге біз бірден көше алмаймыз, сол себепті біз жер үйлер секторында жағылатын отын түрлеріне назар аударғанымыз абзал. Авторезеңкеден бастап қолға түскеннің бәрін жаға беруге болмайды. Халық арасында ауқымды жұмыстар жүргізу керек", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны