04.01.2013, 15:46 3005

Алматыда ақылы қызметтің жекелеген түрлеріне баға қымбаттады

Алматы қалалық статистика департаментінің хабарлауынша, 2012 жылдың желтоқсан айында осы жылдың қарашасына қарағанда ақызы қызметтердің жекелеген түрлеріне баға мен тарифтің қымбаттағаны тіркелген.

Астана. 4-қаңтар. Kazakhstan Today - Алматыда ақылы қызметтің жекелеген түрлеріне баға қымбаттады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы қалалық статистика департаментінің хабарлауынша, 2012 жылдың желтоқсан айында осы жылдың қарашасына қарағанда ақызы қызметтердің жекелеген түрлеріне баға мен тарифтің қымбаттағаны тіркелген.

Атап айтқанда, ерлер шаштаразының қызметі 2,9 пайызға, монша, сондай-ақ мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызметі 1,6 пайызға қымбаттаса, қонақ үйде тұру 1,5 пайыз, әйелдер көйлегін жеке тапсырыспен тіктіру - 1,2 пайыз, жалға берілетін абаттандырылмаған үйлер бағасы 1,1 пайызға, сағат жөндеу 1 пайызға, тіс дәрігерінің қызметтері 0,9 пайызға көтерілген.

Ал әйелдердің сәнді шаш үлгілерінің бағасы, сондай-ақ жаңа үйлерді сату және абаттандырылған үйлерді қайта сату мен оларды жалға беру бағасы 0,4 пайызға артқан. Бұл ретте абаттандырылмаған үйлерді қайта сату бағасы 0,3 пайызға көтерілсе, жоғары санаттағы элиталы баспаналар бағасы 0,1 пайызға өсіпті.

Ал қалған бақыланатын басқа да ақылы қызметтердің бағасы мен тарифтері аталған мерзім аралығында өзгеріссіз қалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны