10.01.2007, 14:55 3032

Алматыда ақпан айының басында Лондон қор биржасы мен Алматы аймақтық қаржы орталығы арасындағы серіктестік аясында Орта Азиялық инвестициялық форум өтеді

АЛМАТЫ. 10-қаңтар. Kazakhstan Today. Алматыда 1-2 ақпан күндері Лондон қор биржасы (LSE) мен Алматы аймақтық қаржы орталығы арасындағы серіктестік аясында "Илемдік капитал рыногымен ықпалдастық" Орта Азиялық инвестициялық форум өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі "ИРБИС" қаржылық жаңалықтар агенттігіне сілтеме жасап.

Форумда қазақстандық компаниялар мен шетелдік инвесторлар үшін Алматыдағы Орта Азиялық халықаралық қаржы орталығынын құру бағдарламасына байланысты жаңа мүмкіндіктерді талқылау жоспарланып отыр.

Агенттіктің хабарлағанындай, форумның негізгі тақырыбы - аймақ экономикасы мен аймақтың экономикалық даму модельдерін қайта құру, капиталдың орта азиялық рыногын инфрақұрылымдық тұрғыда қайта құру, IPO -ның етек алуы мен болашаққа болжам, аймақтың инвестициялық мүмкіндіктері, IPO-ға дайындық т.б

IPO (Initial Public Offering) - акцияларды алғаш рет халықаралық қаржы нарығына шығару

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны