06.12.2012, 18:07 2879

Алматыда ақпараттық қауіпсіздік туралы ІІ Банкаралық форум өтіп жатыр

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, оны Ресей банкінің атсалысуымен ҚР Ұлттық банкі мен Қазақстандық банкаралық есептесу орталығы бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Алматы. 6-желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматыда "Қазақстан Республикасындағы кредиттік және қаржылық ұйымдардағы ақпараттық қауіпсіздік" деген тақырыпта ІІ Банкаралық форум өтіп жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, оны Ресей банкінің атсалысуымен ҚР Ұлттық банкі мен Қазақстандық банкаралық есептесу орталығы бірлесіп ұйымдастырып отыр.

"Банк жүйесінде ақпараттық қауіпсіздік ең маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Жаһандану мен ақпараттық технологиялар дәуірінде мұндай алқалы жиынның рөлі өте зор. Өйткені аса құнды ақпараттарды олар көбіне екіжақты байланыс кезінде алады. Онда ақпараттық қауіпсіздікті нығайту үздіксіз жүретін үдеріс", - дейді ҚР Ұлттық банкінің "Қазақстандық банкаралық есептесу орталығы" РМК Бас директоры Саит Абдулкаримов. Оның айтуынша, бұл шараға банктер мен өзге де қаржы ұйымдарының және ақпараттық технологиялар саласындағы компаниялардың 150-ден астам өкілі қатысуда. Олар ақпараттық қауіпсіздік саласының өзекті мәселелерін жан-жақты талқылап, әртүрлі сауалдар бойынша өзара пікір алмаспақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны