15.06.2012, 15:22 4027

Алматыда алғашқы жарамсыз қағаздарды қабылдау бекеті ашылды

Бүгін "Қазақстан Қағазы" АҚ Алматы қаласы тұрғындарынан жарамсыз қағаздарды қабылдайтын бірінші бекетін ашты. "Атакент" ҚІИО аймағында орналасқан бекет жақын маңдағы үйлердің тұрғындарына, кәсіпорындар мен кеңсе қызметкерлеріне ақылы негізде өздеріне қажет емес жарамсыз қағаздарды тапсыруға мүмкіндік беріп, босқа тасталып жүрген қалдықтардың көлемін азайтуға, экологиялық ахуалды жақсартуға жағдай жасауды мақсат етіп отыр.

Алматы. 15-маусым. Kazakhstan Today - Алматыда алғашқы жарамсыз қағаздарды қабылдау бекеті ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін "Қазақстан Қағазы" АҚ Алматы қаласы тұрғындарынан жарамсыз қағаздарды қабылдайтын бірінші бекетін ашты. "Атакент" ҚІИО аймағында орналасқан бекет жақын маңдағы үйлердің тұрғындарына, кәсіпорындар мен кеңсе қызметкерлеріне ақылы негізде өздеріне қажет емес жарамсыз қағаздарды тапсыруға мүмкіндік беріп, босқа тасталып жүрген қалдықтардың көлемін азайтуға, экологиялық ахуалды жақсартуға жағдай жасауды мақсат етіп отыр.

Қабылдау бекетінде 1 килограмм жарамсыз қағаз үшін тапсырушы адамға 3 теңгеден 15 теңгеге дейін ақы төлеу қарастырылған.

"Бұл Алматы қаласында ашылған алғашқы жарамсыз қағаздарды қабылдайтын бекет. Егер әлеуметтік белсенділікті көріп жатсақ, осы жылдың соңына дейін қалада барлығы 24 нүкте ашып, келешекте осындай бекеттерді еліміздің барлық ірі қалалары мен елді мекендерінде ашуды жоспарлап отырмыз" , - деді "Қазақстан Қағазы" АҚ бас директоры Таисия Когутюк.

Оның айтуынша, аталған ұйым алдағы екі айдың ішінде тағы да төрт қабылдау бекетін ашуға дайын.

"Бірінші бекеттің осы жерден ашылған себебі - халықтың көптігі және тұрғын үйлердің тығыз орналасуы. Жақын маңда күніне көптеген жарамсыз қағаздарды шығаратын сауда орталығы, кафе мен дүкендер де орналасқан", - деді "Қазақстан Қағазы" АҚ бас директоры.

Компания басшылығының хабарлауынша, алдағы уақытта қалаға қосымша контейнерлер қойылған соң, жазғы уақытта мектеп пен балабақшаларға арналған ақпараттық материалдар дайындалады.

"Біз бұл жобаны іске қосардан бұрын көптеген елдердің тәжірибелерін сараптадық. Олардың көбі табиғатты аялау бала кезден басаталуы қажет екендігін көрсетіп отыр. Мысалы, осындай жарамсыз қалдықтарды жинаудан әлем бойынша алдыңғы орында тұрған Жапонияның өзі бұны мектептегі балалардан бастаған. Оқушар күнде мектепке бөтелкелердің қақпақтарын алып келіп түрлі төсбелгілерге айырбастайды. Ол " Кімде көп төсбелгі бар?" деген сынды байқаулармен жалғасып, бүгінгі күні олар бұл салада үлкен жетістіктерге жетіп отыр", - деп атап өтті Таисия Когутюк.

Ол "Қазақстан Қағазы" АҚ-ның осы сынды сынды бағдарлама жасап жатқандығын жеткізді.

"Бұның барлығы біздің топтың стратегиялық даму жоспарының бір бөлігі болып табылады. Осы жоспарда компанияның өсімі мен қоршаған ортаға ұқыпты қарау басты рөл ойнайды" , - дейді бас директор.

Жарамсыз қағаздарды қабылдау орталығында газет, жарнамалық қағаздардың қалдықтары 3 теңгеден, жазу қағазы, кітап, журнал, мұрағат қалдықтары, тетра-пакеттер 5, пластикалық бөтелкелер,қалың пластикалық орамалар, қаңылтыр банкалар 15, ал гофрокартон мен картон қорабтары 7 теңгеден қабылданатын болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны