10.02.2010, 14:12 3367

Алматыда арзан коммуналдық баспана салу жоспарлануда - әкім

Алматыда арзан коммуналдық баспана салу жоспарлануда - әкім

Алматы. 10 ақпан. Kazakhstan Today - Алматыда арзан коммуналдық баспана салу жоспарлануда. Бұл туралы бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қала халқына есеп беру жөніндегі жиын барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біз бюджетте арзан коммуналдық баспана салуға арнап қаржы қарастыратын боламыз, ол біртіндеп тозығы жеткен баспана қорын жойып, төмен жалақылы тұрғындар санатының мәселесін шешетін боламыз", - деді Ахметжан Есімов.

Оның айтуынша, сондай-ақ, "тұрғын үйге қатысты мәселе бойынша жаңаша амал-көзқарастарды қолдану қажеттігі туындап отыр". "Оған деген сұранысты ұлғайту арқылы баспана құрылысын көбейту үшін ынталандыру тудыру қажет", - деді ол.

"Өз орынбасарларым Долженков пен Шормановқа осы бағытта біздің айқын стратегимыз болуы үшін жаңа іс-әрекеттер жоспарын жасауды тапсырамын", - деді Ахметжан Есімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны