13.04.2018, 17:30 9075

Алматыда биылғы жылы бірқатар ірі өндіріс нысандары салынады

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Алатау ауданындағы Индустриялық аймақтыӊ инфрақұрылымдарыныӊ құрылысын тексерді, мұнда құрылыс, фармацевтика, химия, тамақ және жеӊіл өнеркәсіп салаларыныӊ 40-тан астам отандық және шетелдік жобалар жүзеге асуда

Алматы. 13 сәуір. Kazakhstan Today - Биылғы жылы мегаполисте "Алматыны дамытудыӊ 50 жоба- драйверлері" бағдарламасы аясында бірқатар ірі өндіріс нысандарын салу жоспарлануда. Алматы әкімі Бауыржан Байбек Алатау ауданындағы Индустриялық аймақтыӊ инфрақұрылымдарыныӊ құрылысын тексерді, мұнда құрылыс, фармацевтика, химия, тамақ және жеӊіл өнеркәсіп салаларыныӊ 40-тан астам отандық және шетелдік жобалар жүзеге асуда.

Жұмыс сапары барысында Бауыржан Байбек еӊ алдымен мұнай, газ, су және мұнай өнімдерін тасымалдайтын үлкен диаметрлі болат құбырларын шығаратын еліміздегі алғашқы жоғарытехнологиялы зауыттыӊ құрылыс алаӊында болды. Қазақстандық- қытайлық "Asia Steel Pipe Company" кәсіпорныныӊ іске қосылуы Қазақстанға сырттан әкелінетін құбыр өнмідерініӊ 60%-ын қамтамасыз етеді.

Алматы әкімі кабель желілерін шығаратын ресейлік компанияныӊ "КМК Investment" зауытыныӊ, Жапониядан тыс жерде баламасы жоқ инженерлік желілердіӊ қауіпсіздігін қамтамасыз ететін "Tokyo Rope Almaty" зауытыныӊ құрылыс қарқынымен танысты.

Дәл осы күні Бауыржан Байбек өндірістік қуаты қаланыӊ қалдықтарын толық өӊдейтін қалдық сұрыптайтын кешенді аралап көрді.

Жобаны жүзеге асыру барысында ТҚҚ жинайтын, тасымалдайтын, сұрыптайтын басқару кешенін енгізу жоспарланған. Бұл өз кезегінде айнала қоршаған ортадағы экологиялық жүктемені азайтады.

Жұмыс сапары барысында қала басшысы 200 жолаушы автобусына есептелген №3 коммуналды автобус паркініӊ құрылысымен де танысты.

Жаӊа автобус паркі бір мезетте 10 автобусқа қызмет көрсететін газ қондырғыларымен жабдықталады. Автобус паркінде техникалық қызмет көрсету, көлікті жуу, жүргізушілер тынығып, ұйықтайтын әкімшілік- тұрмыстық блок нысандарын салу қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны