06.05.2014, 22:33 4890

Алматыда "Бизнес-кеңесші" жобасы бойынша мүгедектерге арналған семинар өтті

"Бизнес-кеңесші" - кәсіпкерлік негізі жайлы тегін кеңес алу мүмкіндігі. Сондай-ақ, бұл бағдарламаға қатысушылар өз кәсібін дамытуға 3 млн теңге көлемінде қолдауға ие болады.

Алматы. 6 мамыр. Kazakhstan today. Алматыда 5-6 мамыр аралығында "Бизнес-кеңесші" жобасы бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін түрде семинар өтті.

Аталмыш шараны өткізуге ниет білдіргендер Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы мен "Даму" КҚҚ, деп Palata.kz. хабарлады.

Шараның негізгі мақсаты - мүгедектерге өз бизнесін ашуға қолдау көрсету, кәсіпкерлікпен айналысып, өз қызметін одан әрі дамыту.

"Бизнес-кеңесші" - кәсіпкерлік негізі жайлы тегін кеңес алу мүмкіндігі. Сондай-ақ, бұл бағдарламаға қатысушылар өз кәсібін дамытуға 3 млн теңге көлемінде қолдауға ие болады.

Семинарда психологиялық кәсіпкерлік тақырыбы бойынша кеңестер айтылды, оларға өз кәсібін құрудың негіздері, бизнес-жоспар әзірлеу мен нарық мүмкіндіктерін талдау үрдістері түсіндірілді.

Семинар қорытындысы бойынша, қатысушылар сертификаттарға ие болды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны