30.09.2017, 11:46 7913

Алматыда "Бизнестіӊ жол картасы - 2020" бағдарламасыныӊ қаражаты 100% игеріледі

Өӊірлік үйлестіру кеӊесі биылғы жылдыӊ басынан бері Алматыда 154 бизнес-жоспарын мақұлдаған. Жыл соӊына дейін кәсіпкерлерге барлығы 4,4 млрд теӊге бөлінеді.

Алматы. 30 қыркүйек. Kazakhstan Today - Өӊірлік үйлестіру кеӊесі биылғы жылдыӊ басынан бері Алматыда 154 бизнес-жоспарын мақұлдаған. Жыл соӊына дейін кәсіпкерлерге барлығы 4,4 млрд теӊге бөлінеді. Бұл қаражат грант, субсидиялау және қарызды кепілдендіру түрінде беріледі.

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасыныӊ жобаларды сүйемелдеу бөлімініӊ басшысы Алма Тұрлыбаева "Бизнестіӊ жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында көрсетілетін қолдауды түсіндіріп өтті.

"Екінші деӊгейлі банктер коммерциялық несиені 19-24% жоғары мөлшерлемемен береді. Ал "Бизнестіӊ жол картасы - 2020" бірыӊғай бағдарламасы аясында қарыздыӊ сыйақы мөлшерлемесі - 7-10%. Қалған соманыӊ барлығы да мемлекет есебінен төленеді. Өӊірлік үйлестіру кеӊесініӊ 60% бизнес-қоғамдастық өкілдерінен тұрады, сонымен қатар жергілікті атқарушы органныӊ өкілдері де бар. Бизнес-жобалар әр апта сайын қаралады. Бизнес жоспардағы жаӊа жұмыс орындарын ашу мен қала бюджетін толықтыру критерийіне баса назар аударылады. Ал Алматы қаласында бұл бағдарлама бойынша қаражат 100% игеріліп келеді", - деп түсіндірді Алма Тұрлыбаева.

Өӊірлік палата өкілініӊ айтуынша Алматы қаласында бизнесті қолдауға арналған бірнеше бағдарлама қатар қолданылады. Олардыӊ ішінде республикалық бағдарламалар да, өӊірліктер де бар. Мысалы "Алматы-туризм" бағдарламасымен биылғы жылы 5 жобаға 398 млн теӊге қаражат бөлінді. Ал "Алматы инновация" бағдарламасымен жалпы 90 млн теӊгені 2 жоба алды. Сондай-ақ "Жібек жолы" бағдарламасы да сәтті жүзеге асырылып келеді. Сауданы дамыту үшін 66 жобаға жалпы 4 млрд теӊге қаражат берілді. "Алматы өнім" арқылы 8 жоба жалпы 429 млн теӊге алды.

Мемлекеттік қолдау көрсетілген компаниялардыӊ бірі - Алматы қаласында орналасқан "Цин-Каз" ЖШС. Елімізде 19 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан компания томат жасау пен көкөніс консервілеуден үздік кәсіпорын ретінде танылды. Бүгінде кәсіпорын өнірістіӊ желіні жаӊартуды қолға алған.

"Цин-Каз" ЖШС сапа жөніндегі менеджері Жанар Рахымбекованыӊ айтуынша өндірісті автоматтандыру, жаӊғырту және кеӊейтуге арналған бизнес-жоспар аясында 618,5 млн теӊге инвестиция тартылған. Бүгінде бұл соманыӊ 418 млн теӊгесі игерілген. Оныӊ ішінде 71 млн теӊге субсидия ретінде мемлекеттен берілген. Осы қолдаудыӊ арқасында жаӊадан екі цех ашылды.

"Өндірісті автоматтандыру мен жетілдіруге арналған жоба аясында көкніс салаты мен соя тұздығын дайындайтын жаӊа 2 цех аштық. Қазақстанда соя тұздығы шығарылмайды. Ел нарығында импорттық тұздық бар. Ал біздіӊ компания айына шамамен 30 мыӊ соя тұздығын өндіруде. Қазіргі таӊда 3 түрлі тұздық шығарылады", - деп хабарлады "Цин-Каз" өкілі.

Компания өкілініӊ айтуынша соя тұздығын дайындау үшін шикізат Қытайдан жеткізіледі. Ал салат жабу үшін жергілікті шаруалардыӊ өнімдері пайдаланылады. Былтырғы жылы 500-600 тонна салат жабу жоспарланса, биыл бұл жоспар екі есеге ұлғайған.

"Біздіӊ өнімдеріміз еліміздіӊ барлық өӊірлеріне тарайды. Сонымен қатар базарларда, дүкендерде де табуға болады. ЕАЭО аясында өтетін барлық көрмелерге қатысып келеміз. Негізгі экспортқа шығатын ел Ресей, сондай-ақ Қырғызстан, Ауғанстан елдерімен серіктестік қатынастамыз. Жалпы шығарылған өнімніӊ 20% Алматы қаласы мен облысына тарайды", - деп хабарлады компанияныӊ Сапа жөніндегі менеджері Жанар Рахымбекова.

Компания жыл соӊына дейін Ресей мен Қырғызстанға жеткізілетін өнім көлемін 500 тоннаға дейін жеткізуді көздеп отыр.

"Біз өнімдерімізді ЕАЭО аумағында өтетін көптеген көрмеге шығаруға тырысамыз. Ресейде өнімніӊ белгіленген бағасын төмендетуге тырысамыз, себебі бәсекелестік жоғары. Бірақ біздіӊ өніміміздіӊ дәмін татқаннан кейін ұнататындары қаншама. Жалпы көршілес елде қазақстандық өнімді сапасы жоғары деп қабылдайды. Бүгінде Ресейдіӊ бірқатар қалаларына, оныӊ ішінде Мәскеуге де жеткіземіз. Сондай-ақ біз кетчуптар мен салаттарды Мәскеудегі "Foodcity" базарына шығаруға келісім жасап жатырмыз. Алдағы уақытта Тәжікстанға да экспорттауға ниеттіміз", - дейді "Цин-Каз" ЖШС Өткізу бөлімініӊ басшысы Таир Тутадзе.

Компания өкілі электр қуаты мен суға қойылатын тариф өте жоғары екенін атап өтті. Электр қуаты мен суды үздіксіз пайдаланатын өндіріс үшін тарифтіӊ реттелгені маӊызды. Бұл қызметтердегі бағаны реттеу бизнес үшін айтарлықтай көмек болар екенін жасырмады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны