13.04.2010, 17:49 3566

Алматыда бюджет 2010 жылы 18, 5 млрд теңгеге өсті

Алматыда бюджет 2010 жылы 18, 5 млрд теңгеге өсті

Алматы. 13 сәуір. Kazakhstan Today - Алматы бюджеті 2010 жылы 18 млрд 566 млн 532 мың теңгеге өсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл мәселе қалалық мәслихаттың XXVII-ші сессииясында қаралды.

"Бұл қаржы кәсіби-техникалық колледждердің студенттеріне шәкіртақы төлеуге, "КАМАЗ", "Қалқаман" мөлтек аудандарында балабақшалар және туберкулезге қарсы диспансер, екі емхана салуға, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне әлеуметтік көмек көрсетуге, көлік жолдарын жасауға жұмсалатын болады. Осы қаржының 9 млрд 200 млн теңгесі Азиада нысандарын салуға жұмсалмақ. Сонымен қатар, 12 бала бақша, бірқатар кітапханалар күрделі жөндеуден өтіп, медицина құралдары сатып алынады, Иуезов ауданында ХҚО салынады. Бірінші кезегі биыл ашылатын "Дендропарктің" құрылысы одан әрі жалғасады",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны