18.07.2018, 16:57 7151

Алматыда бюджетті үнемдеу есебінен қосымша жолдар салынады және жарық желілері жөнделеді

Бұлардан өзге, жалпы білім беретін мектептерді оқулықтармен қамту үшін қосымша 193,5 млн. теӊге қарастырылды. Қауіпсіздікті арттыру мақсатында жеті мектеп нысандарын сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізіледі.

Алматы. 18 шілде. Kazakhstan Today - Алматыда VI-ші шақырылымдағы қалалық мәслихаттыӊ кезектен тыс өткен сессиясы барысында биылғы жылғы қала бюджеті нақтыланды. Мемлекеттік сатып алуды үнемдеу есебінен жүргізу және жобаларды 9,3 млрд. теӊгеге ойтайландыру арқасында ішкі резервтерді қайта бөлу барысында нақтыландыру шарасы жүзеге асты.

Биылғы жылдыӊ бірінші жартыжылдығында Алматы экономикасыныӊ барлық салаларында 103,8% өсімге қол жетті. Мысалы, бөлшек сауда 8,3%-ға, өнеркәсіп 4,4%-ға, құрылыс 4,7%-ға ұлғайды, бес айдыӊ ішінде шетелдік инвестиция 25,1%-ды құрады. Мемлекеттік бюджетке салық түсімініӊ 110,3%-ға өсуі қамтамасыз етілді.

Бюджетті нақтылау барысындаүнемделген қаржы есебінен әлеуметтік мәселелерді, соныӊ ішінде сыртқы жарық көздерін, тротуарларды жөндеуге,жаӊа ықшам аудандарда жол салуға, қауіпсіздікті арттыруға және мүмкіндігі шектеулі жандардға қолдау көрсетуге жұмсалатын шығын көздері анықталды.

Мысалы, қаланыӊ бірқатар аудандарында сыртқы жарық көздеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, Алатау ауданындағы Ақбұлақ, Алғабас, Қарасу, Көк-Кайнар, Ұлжан-2 ықшам аудандарында жол жөндеу басталды. Түрксіб ауданындағы Жас қанат елді мекенінде жол жөндеу жалғасуда.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету мақсатында 675 адамға тифлотехникалық, 871 адамға сурдотехникалық жабдықтар сатып алынады.

"Еӊбекке қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті қолдау" аясында мыӊдаған жұмыссыздар 50 мамандық бойынша кәсіби дайындықтан және қайта дайындықтан өтеді.

Бұлардан өзге, жалпы білім беретін мектептерді оқулықтармен қамту үшін қосымша 193,5 млн. теӊге қарастырылды. Қауіпсіздікті арттыру мақсатында жеті мектеп нысандарын сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізіледі.

Еске салсақ, "Алматы-2020" даму бағдарламасына және қалалықтардыӊ әлеуметтік мәселелерін шешуге негізделген Алматы бюджеті биылғы жылы 526,7 миллиард теӊгені құрайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны