15.05.2009, 17:08 2736

Алматыда бүгіннен бастап табиғи газдың көтерме бағасы 23%-ға көтеріледі

Алматыда бүгіннен бастап табиғи газдың көтерме бағасы 23%-ға көтеріледі

Алматы. 15 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда бүгіннен бастап табиғи газдың көтерме бағасы 23%-ға қымбаттайды. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық әкімдігінде өткен брифингте ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы қалалық департаментінің директорының орынбасары Дәурен Жандарбек мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Бөлшек нарықта бұл табиғи газ бағасының 15,1 пайызға көтерілуіне алып келеді, жаңа тарифтер ағымдағы жылдың 13 маусымынан бастап енгізіледі. Табиғи газ бағасының қымбаттауы коммуналдық қызметтердің: ыстық су мен жылу бағасының қымбаттауына алып келеді, деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны