26.07.2018, 16:33 6755

Алматыда "Елдімекендерді дамытудыӊ бас жоспарларын әзірлеу" бағдарламасы бойынша 1 млрд 932,7 млн. теӊге бөлінді

Бүгін Алматы қаласыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі алаӊында Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқарма басшысыныӊ орынбасары Алмасхан Ахметжановтыӊ қатысуымен брифинг өтті.

Алматы. 26 шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Алматы қаласыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі алаӊында Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқарма басшысыныӊ орынбасары Алмасхан Ахметжановтыӊ қатысуымен брифинг өтті.

Алмасхан Тілеуханұлыныӊ айтуынша, Алматы қаласыныӊ сәулет және қала құрылысы басқармасы өз қызметін "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заӊына, басқа да заӊнамалық актілерге, әкімдік қаулыларына, мәслихат шешімдеріне және басқару ережелеріне сәйкес жүзеге асырады.

Басқарманыӊ жұмысында маӊызды бағыт болып табылатын қаланыӊ бекітілген Бас жоспарын жүзеге асыру мақсатында, қала құрылысы құжаттамасы бағдарламаларыныӊ әкімшісі ретінде әрекет етеді.

Осы мақсаттар үшін 2017 жылға арналған "Елдімекендерді дамытудыӊ бас жоспарларын әзірлеу" атты 002 бағдарламасы бойынша 1932,7 млн. теӊге мынадай жұмыстарға бөлінді:

- Алматы қаласы аумағыныӊ функционалдық аймақ құрылыстарыныӊ жоспар-регламентіне мониторинг жасау;

- қала құрылысы қызметініӊ ақпараттық дерекқорын қалыптастыру және жүргізу;

- Алматы қаласыныӊ инженерлік желілерініӊ кезекші жоспарын жүргізу;

- жылжымайтын мүлік объектілерініӊ мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру;

- нақты жоспарлау жобаларын түзету;

- жылжымайтын мүлік объектілерін МҚК ААЖ кезекші мекенжай жоспарында сәйкестендіру;

- Жібек Жолы, Гоголь, Панфилов, Қабанбай батыр көшелері мен Астана алаӊындағы тұрғын үй-азаматтық нысандарды қайта құру жобасын әзірлеу.

- Алматы қаласыныӊ 3D автоматтандырылған геоақпараттық жүйесін құру;

- Алматы қаласыныӊ жылжымайтын мүлік объектілерін сейсмикалық тұрақтылыққа тексеру мақсатында төлқұжаттау;

- 2014 жылы Алматы қаласына кесіп қосылған аумақтарда мекенжай деректерін жүйелеу;

- шағын сәулеттік нысандары бар қолданыстағы ғимараттардыӊ қасбетін әзірлеу арқылы қызыл сызықтар шегінде көше-жол желісініӊ қолданыстағы жағдайын түзету;

- Қоғамдық кеӊістікті жақсарту мақсатында сәулет және қала құрылысы қызметіне кеӊестерді ендіру бойынша консалтингтік қызметтер көрсету бойынша кеӊес беру қызметтерін көрсету.

2017 жылға арналған бюджеттіӊ орындалуы жоспар 2 208 492,0 мыӊ теӊге болғанда, 2 205 991,1 мыӊ теӊгені немесе 99,9% құрады, оныӊ ішінде келесі бағдарламалар бойынша:

- "Сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметтер" 001 бағдарламасы бойынша бюджеттіӊ атқарылуы 99,3% құрады.

- "Елді мекендерді дамытудыӊ бас жоспарларын әзірлеу" 002 бағдарламасы бойынша бюджеттіӊ орындалуы 100% құрады.

Қаланыӊ Бас жоспарыныӊ ережелерін іске асыру және қаланыӊ Мәслихаты бекіткен қала құрылысы регламенттерініӊ жоспары аясында, сәулет-жоспарлау тапсырмаларыныӊ талаптары, қала құрылысы регламенттерініӊ жоспары, қаланыӊ Бас жоспарыныӊ ережелеріне сәйкестігі үшін жобалық материалдар бойынша келісу, әртүрлі мақсаттардағы объектілерді жобалау бойынша сәулет-жоспарлау тапсырмалары дайындалады және беріледі.

Алынған өтініштерге сәйкес 2568 СЖТ дайындалды және шығарылды, мақұлдау үшін берілген нобайлық жобалар бойынша 964 жоба қаралды және келісілді.

Сондай-ақ, сыртқы инженерлік желілердіӊ - 1 697 жобасы қаралды:

1. Газ - (трассалардыӊ ұзындығы 262 022 м)

2. Жылу желілері - (трассалардыӊ ұзындығы 43 652 м)

3. Телефон желілері - (трассалардыӊ ұзындығы 35 485 м)

4. Сыртқы сумен жабдықтау және кәріз (трассалардыӊ ұзындығы -239 659 м сумен жабдықтау желісі және 241 320 км - кәріз желісі)

5. Электр желілері - (трассалардыӊ ұзындығы - 342,216 м)

6. Жарықтандыру - (286 271 м)

7. ЭХЗ - (трассалардыӊ ұзындығы 262 м)

8. Байланыс желілері - (1,800 м)

9. Нөсер жаӊбыр кәрізі - (47 620 м)

10. Суармалы су құбыры - (трассалардыӊ ұзындығы - 41 500 м)

Топографиялық түсірілімдер - 8 606 тіркелді.

Инженерлік желілердіӊ атқарушы түсірілімдер - 427 тіркелді.

Техникалық талаптарға беруге 2 174 өтінім қарастырылды және СЖТ үшін ХҚКО арқылы техникалық талаптар берілді, соныӊ ішінде:

- сумен жабдықтау және кәріз (Алматы су холдингі) - 2,664.

- газдандыру ("Алматы Газ Желілері" ЖШС) - 400.

- жылумен жабдықтау ("Алматы Жылу Холдингі" КМК) - 94.

- телефондандыру ("Алматытелеком" ҚТО) - 68.

- электрмен жабдықтау ("Алатау Жарық Компаниясы" АҚ) - 748.

Басқарма қаланыӊ аумағында нысандарды жобалау мәселелері бойынша азаматтарға кеӊес беру және құрылыс жобаларын мақұлдау; аумақтарды жоспарлы дамыту туралы немесе басқа да қалалық өзгерістер туралы халықты ақпараттандыру, тиісті жиынтық немесе жалпылама жауаптар дайындау арқылы азаматтар мен заӊды тұлғалардыӊ өтініштерін қарастыру және талдау жұмыстарын жүргізуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны