11.04.2017, 18:10 5259

Алматыда фермерлерге арналған "Көкөніс шаруашылығы негіздері" атты оқу модулі таныстырылды

Алматыда фермерлерге арналған "Көкөніс шаруашылығы негіздері" атты оқу модулі таныстырылды. 2017 жылы Алматы облысындағы 500-ден аса фермер осы модуль аясында оқудан өтпек.

Алматы. 11 сәуір. Kazakhstan Today - Алматыда фермерлерге арналған "Көкөніс шаруашылығы негіздері" атты оқу модулі таныстырылды. 2017 жылы Алматы облысындағы 500-ден аса фермер осы модуль аясында оқудан өтпек.

Бүгін Алматыда фермерлерге арналған "Көкөніс шаруашылығы негіздері" атты оқу модулін таныстыруға орай баспасөз мәжілісі өтті. "Шелек фермерлері" зерттеу командасыныӊ үш жыл ішінде жинақтаған табысты тәжірибесіне және де осы бағытта жасалған жұмыс нәтижелеріне сүйене отырып дайындалған аталмыш модульде өсімдік шаруашылығы саласында бизнес жүргізудіӊ барлық мәселелері қамтылған.

Модуль әкімдіктер жанындағы ауылшаруашылық бөлімдерініӊ, ҚР "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ құрылымдық бөлімшелерініӊ, Ауылшаруашылық министрлігіне қарасты аймақтық бөлімшелердіӊ қызметкерлеріне, сондай-ақ,көкөніс шаруашылығында инновациялық технологиялар көмегімен фермерлік шаруашылықтардыӊ өнімділігін арттыруды көздейтін отандық жоғарғы оқу орындары мен ғылыми мекемелердіӊ жұмысшыларына, фермерлерге арналған тиімді оқу құралы болып табылады.

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ қолдауымен биыл "Еӊбекшіқазақ ауданыныӊ жергілікті қауымдастықтар қоры" дайындалған осы модуль бойынша Алматы облысындағы 500-ден астам фермерге арнап семинарларды өткізуді жоспарлап отыр.

Қазақ ұлттық аграрлық университетініӊ "Жеміс-көкөніс шаруашылығы және экология" кафедрасыныӊ меӊгерушісі, профессор Нәзия Сүлейменова атап өткендей: "Оқу құралында инновациялық технологиялар мен әлемдік тәжірибені қолдану арқылы көкөніс шаруашылығын дамытуға қатысты қолданбалы ұсыныстар келтірілген. Сондай-ақ, оқу құралында фермер дұрыс есеп-қисап жүргізу, күрделі қаржы шығынын есептеу, фермерлік кооперативтерді құрудыӊ пайдасы және де ауылшаруашылық өнімдерін өткізудіӊ тиімді тәсілдері жөнінде кеӊінен ақпарат ала алады".

"Шелек фермерлері" жыл сайынғы байқауыныӊ жеӊімпазы атанған 8 фермерлік шаруашылықта көкөністерді шпалера көмегімен, агроталшық астында, жабық топырақ ішінде, тамшылатып суару әдісін қолдана отырып өсіруге арналған инновациялық технологияларды ендіру ісі 2017 жылы да жалғасын тауып отыр. 4 шаруашылықта келешегі мол бұрыш пен қызанақ сұрыптарына жүргізілген сынау нәтижелерін көрсету аясында эксперименталдық жұмыстар өткізілмек.

Осыған қоса "RijkZwaan" және "Rinda" компанияларымен ынтымақтаса отырып, 9 шаруашылықта басқа да көкөніс түрлерініӊ, соныӊ ішінде жылыжайда өсетін көкөніс сұрыптарын сынауға бағытталған эксперименттер жүргізілетін болады.

Осыған орай "Расул" жеке шаруа қожалығыныӊ фермері Ролан Ибрагимов былай деп атап өтті:

"Өткен жылы мен егін алқабындағы 1 гектар жерге және үйімніӊ жанындағы жылыжайдыӊ 2 соткасына қызанақ отырғызып, егін алқабындағы 1 гектардан 10,6 тонна, ал үйімніӊ жанындағы екі соткадан 3,5 тонна өнім алдым, бұл 1 гектар жерден жиналатын өнімніӊ 175 тоннасына теӊ. Алғашқы көкөністерді әдеттегіден ертерек жинап алғандықтан, оны қымбатырақ бағаға сата алдым. Ал соӊғы өнімді қарашаныӊ соӊында жинадым, қызанақтыӊ нарықтық бағасы осы кезеӊде жоғары болады. Мен көкөністі қажетті уақытта өсіруді үйрендім, яғни көкөністер жаппай жиналатын кезеӊнен бұрын немесе одан кейіндеу өнімді сату біздер, фермерлер үшін аса тиімді, өйткені осы уақытта көкөністер қымбатырақ тұрады. Сондай-ақ, ақырғы тұтынушылар да бұдан ұтады, өйткені көкөніс маусымы аяқталған кезде нарық шеттен әкелінген өнімдермен толады, ал сатып алушыда жаӊадан піскен, оныӊ үстіне жергілікті көкөністерді сатып алуға мүмкіндігі болады. Нәтижесіндемен 1 гектар егін алқабынан жиналатын өнімге қарағанда,аз еӊбек жұмсап, шағын жылыжай телімінен3 есеге көбірек пайда түсірдім. Биыл мен тағы бір жылыжайды салып отырмын".

Сонымен қатар, 2017 жылы "Еӊбекшіқазақ ауданыныӊ жергілікті қауымдастықтар қоры" өз күшін фермерлер кооперативініӊ тиімді үлгісін құру және оларды ресми түрде тіркеуге бағыттамақ. Кооператив құрамына үш жылдық тәжірибелік жұмыс аясында еӊ үздік нәтижелерді көрсеткен және шаруашылығы тұрақты фермерлер кірмек.

Сондай-ақ, фермерлер көкөністерді ешбір делдалсыз "Арзан" супермаркеттеріне өткізуде. Өнімді осындай тікелей тетік арқылы өткізудіӊ жөнге салынуы аталмыш жобаныӊ негізгі жетістіктерініӊ бірі болып табылады. Бұл фермерлердіӊ түсіретін кіріс көлемін орташа есеппен алғанда 30-40%-ға ұлғайтып отыр. 2015 жылы көкөністіӊ 89 тоннасы, ал 2016 жылы 155 тоннасы өткізілді.

Қосымша ақпарат алу үшін келесі тұлғамен хабарласуыӊызды сұраймыз:

"Еӊбекшіқазақ ауданыныӊ жергілікті қауымдастықтар қоры" қоғамдық қоры

Бақытгүл Елшібаева, атқарушы директор

E-mail: [email protected]

Тел: 8 (72775) 7-00-52

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны