15.09.2017, 22:05 4235

Алматыда халал стандартына негізделген өнімдерді ұсынатын Орталық Азия өӊіріндегі алғашқы интернет дүкенніӊ тұсаукесері өтті

"Aladdin Street Group" компаниясыныӊ қазір әлемніӊ 6 елінде өкілдігі (Қазақстан, Сингапур, Индонезия, Малайзия, Қытай, Пакистан), 30 елінде желілік кеӊселері бар. Алдағы жылы тағы 6 елде серіктестік филиалдарын ашуды көздеуде.

Алматы. 15 қыркүйек. Kazakhstan Today -Алматыда халал стандартына негізделген, премиум санатқа жататын эксклюзивті өнімдерді ұсынатын Орталық Азия өӊіріндегі алғашқы интернет дүкенді іске қосу рәсімі болып өтті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бұл дүкен www.aladdinstreet.com.kz электрондық платформасы арқылы жұмыс істейді.

Платформаны Малайзияныӊ Aladdin Group компаниялар тобы мен Қазақстанныӊ "Nurali Group" ЖШС-ніӊ мажоритарлық қатысуымен құрылған Aladdin Street Central Asia бірлескен компаниясы іске қосты.

Жаӊадан құрылған бірлескен компанияныӊ төрағасы және құрылтайшысы Берікқазы Сексенбаевтыӊ айтуынша, "Қазақстандық және Орталық Азиялық өндірушілер мен кәсіпорындар ендігі жерде өз өнімдерін халықаралық саудаға шығара алады. Ол үшін халықаралық электрондық платформаға тіркелу қажет".

Өз кезегінде, осы өӊірдегі тұтынушылар бүкіл әлем бойынша жеткізіліп, жергілікті деӊгейде қолжетімді болатын халал стандартына негізделген, премиум-санатқа жататын эксклюзивтік өнімдерді жергілікті интернет-дүкен арқылы сатып ала алады.

Aladdin Street Central Asia бірлескен компаниясыныӊ Алматыда өткен тұсаукесеріне Малайзияныӊ ханзадасы Султан Ахмад Шах, сондай-ақ, "Aladdin Street Group" теӊ құрылтайшысы әрі президенті Шри Дезмонд То мен "Aladdin Street Group" теӊ құрылтайшысы әрі төрағасы, Азия-Тынық мұхиты аймағыныӊ тұӊғыш астронавты Дато Шейх Музафар Шукор мырзалар қатысты.

"Aladdin Street Group" теӊ құрылтайшысы әрі төрағасы, Азия-Тынық мұхиты аймағыныӊ тұӊғыш астронавты Дато Шейх Музафар Шукор мырза өзініӊ Қазақстанды сүйетінін ерекше атап өтті. Өйткені, 2007 жылы ол ғарышқа Малайзияныӊ тұӊғыш ғарышкері ретінде қазақ жері -Байқоӊырдан ұшып, Халықаралық ғарыш станциясынан қайтқанда да қазақ даласына келіп қонғанын, сол сәтте қазақтардыӊ қонақжайлығын сезінгенін еске алды.

"Aladdin Street Group" компаниясыныӊ қазір әлемніӊ 6 елінде өкілдігі (Қазақстан, Сингапур, Индонезия, Малайзия, Қытай, Пакистан), 30 елінде желілік кеӊселері бар. Алдағы жылы тағы 6 елде серіктестік филиалдарын ашуды көздеуде.

2017 жылдыӊ ақпан айында "Aladdin Street Group" компаниясы атақты Manchester United футбол клубымен ынтымақтастық туралы бес жылдық эксклюзивті келісіміне қол қойды. 64 мәрте трофей жеӊіп алған, 139 жылдық тарихы бар, әлем бойынша 659 миллион фанаттары бар англиялық кәсіпқой футбол клубымен жаҺандық серіктестік құру арқылы платформаныӊ сатушылары мен сатып алушылары AladdinStreet жаҺандық желісінен пайда табады дегенге компания негізін қалаушылар сенімді.

Aladdin Street Central Asia бірлескен компаниясыныӊ бас директоры Алмаз Түбековтыӊ айтуынша, "Aladdin Street Group" тарапынан бірлескен компанияны құруға Қазақстанға қазіргі жағдаймен 600 мыӊ доллар көлемінде инвестиция салған. Бірлескен компанияда 2018 жылы 50 адам жұмыс істейтін болады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны