28.02.2014, 17:00 16358

Алматыда Индустриялық аймақтың 8 жобасы мақұлданды

Жиын соңында 45,5 млрд теңгенің 8 жобасы мақұлданды. Алдын ала жоспар бойынша, бұл 1800 жұмыс орнын ашуға қамтамасыз етеді. Қалған екі жоба одан әрі жетілдірілетін болады.

Алматы. 28 ақпан. Kazakhstan today. Алматыда кеше қала әкімі Ахметжан Есімовтың төрағалығымен Алатау ауданындағы Индустриялық аймақ құрамына енетін инвестициялық жобалар іріктелді.

Қала басшысы компаниялар қатаң іріктеуден өтіп, олардың өтініштері сараланып, бәсекелестікке қабілеттілігі анықталады.

"Қазір бізде Индустриялық аймақтан орын алушылар қатары жеткілікті. Бұл өнеркәсіптер аз уақыт аралығында жұмыс орындарын ұсынып, толық қуаттылыққа шыға алулары тиіс. Индустриялық аймақтың кәсіпорындары импорттық ауысымды қамтамасыз етуге бейім болып келуі тиіс", - деді А. Есімов.

Сондай-ақ, қала басшысы Индустриялық аймақтағы ірі өнеркәсіп кәсіпорындардың рөліне де тоқтап өтті. Бұл экологиялық және көліктік қысымды жеңілдететін болады.

Жиын соңында 45,5 млрд теңгенің 8 жобасы мақұлданды. Алдын ала жоспар бойынша, бұл 1800 жұмыс орнын ашуға қамтамасыз етеді. Қалған екі жоба одан әрі жетілдірілетін болады.

Айта кетейік, 2013 жылдың қарашасында өндіріс және құрылыс индустриясы, жиһаз, фармацевтикалық сала бойынша 13 жоба мақұлданды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны