08.08.2018, 20:17 7803

Алматыда инвесторларды сыбайлас жемқорлықтан қорғау жобасы таныстырылды

Алматыда бүгін инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге бағытталған "Protecting Business and Investments" жобасыныӊ тұсаукесері өткізілді, деп хабарлайды KazakhstanToday.

Алматы. 7 тамыз. KazakhstanToday - Алматыда бүгін инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге бағытталған "Protecting Business and Investments" жобасыныӊ тұсаукесері өткізілді, деп хабарлайды KazakhstanToday.

Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жобасы инвесторларды кәсіпкерлік қызметі аясында ғана емес, сондай-ақ инвестициялық жобаны іске асыру барысындағы күнделікті өмірінде кездесетін барлық сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінен қорғау және инвестициялық бизнес-климатты жақсарту, кеӊ ауқымды ынтымақтастық орнату, олардыӊ құқықтары мен заӊды мүдделерін қорғау арқылы шетелдік инвесторлардыӊ сенімін арттыра түсу болып табылады.

Тұсаукесерге ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Алматы қаласы бойынша департаменті басшысыныӊ міндетін атқарушы Геннадий Данияров , "Атамекен" ҰКП өкілдері, "Қазақинвест" АҚ Алматы филиалы басшысыныӊ орынбасары Алтынай Мұқанова, Алматы қалалық әкімдігі кәсіпкерлік басқармасыныӊ өкілдері қатысты.

Бүгінгі күні жаӊа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға және олардыӊ әлеуетін ашуға кедергі келтіріп отырған басты проблема - сыбайлас жемқорлық пен әкімшілік кедергілер болып отыр. Сол себепті ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызығушылық танытқан инвесторларға Қазақстан Республикасы аумағында сыбайлас жемқорлық көріністерінен толыққанды қорғауға кепілдік беріп отыр.

"Бізде таза түрде сыбайлас жемқорлықпен байланысты тұстар іс жүзінде көп кездеспейді, бірақ бізде белгілі бір құжаттарды, рұқсат беру қағаздарын ұзақ рәсімдеу түріндегі бюрократиялық, яғни, төрешілдік сипаттағы қиындықтар бар. Осындай кезеӊдердіӊ барлығында мен агенттікпен серіктестік орнатуды ұсынамын. Тағы бір айта кетерлігі, түрлі құжаттар, техникалық немесе экономикалық сипаттағы даулар, құқықтық даулар туындап жатады. Алайда, дұрыс реттелмеген, бірақ тыйым салынбаған сипаттағы заӊнамалық ақтаӊдақтар туындағанда бұл инвестор үшін тиімді болып жатады. Бірақ, біздіӊ мемлекеттік орган сақтаныс білдіріп, шешім қабылдағысы келмейді. Соныӊ салдарынан заӊнамаға өзгеріс енгізу қажеттігі туындап, күтіп қаламыз, ал бұл оӊай шаруа емес екені баршаға аян. Осы тұста біздіӊ өзара серіктестігіміз пайдалы болар еді, өйткені, біз мемлекеттік органға күмәнді тұстары туралы және заӊнамалық норманы бұзуға жатпайтын тұстар туралы кеӊес бере алар еді. Өйткені, тексеру келген кезде заӊ бұзушылықтардіӊ беті ашылып жатады, ал ондайда осындай мәселеге қатысты ешкім көмектеспейді және олар қайта айналып бұл мәселе бойынша келмейді", - деді Геннадий Данияров.

Сонымен бірге жергілікті компаниялар мен шетелдік инвесторлар арасында байланыс орнатуда маӊызды рөл атқаратын "KAZAKHINVEST" ұлттық компаниясы инвестициялық жобаларға идея туған сәттен бастап ол жүзеге асырылғанға дейінгі қолдау қызметтерініӊ кеӊ ауқымын көрсетеді.

Бұдан бөлек, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы Алматы қалалық филиалы директорыныӊ орынбасары Айтуар Қошмамбетов жоба шеӊберінде инвесторды сүйемелдеу іс-шарасы қалай жүргізілетіні жайлы айтып берді.

"Тікелей келісім-шарты түзіледі, осы келісім-шартына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет инвесторға әрбір кезеӊде сүйемелдеу көрсетеді, мәселен, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына инвесторлар виза ала алмау, мерзімінде өтініштерді қарастырмау, одан әрі бизнесті тіркеу кезіндегі кедергілер туралы арыз-шағымдар көптеп түседі. Бұдан басқа лицензиялар, белгілі бір рұқсаттамалар және хабарландырулар алу секілді кезеӊдер бар. Мемлекеттік қызметтердіӊ стандарттары мен регламенттерінде қарастырылмаған кедергілер әрдайым алдан шығып жатады. Біз әкімшілік кедергілерді анықтау бағытында да жұмыстар жүргіземіз. Біз мониторинг жүргіземіз, қандай процедуралар қалай жүргізілетінін білеміз",- деді Қошмамбетов.

"Сыбайлас жемқорлық бойынша арнаулы шолу" атты социологиялық зерттеу қорытындысы бойынша 2016 және 2017 жылдары сыбайлас жемқорлық схамалары ұлғайған. Кәсіпкерлер Жамбыл,Маӊғыстау, Атырау, Түркістан және Алматы облыстарында сфбайлас жемқорлықтыӊ артқанын айтады. Ирбір екінші сыбайлас жемқорлық мәмілесіне шенеунік (54,5%), оқиғалардыӊ 5%-ында қос тарап, ал 40,5% -ында кәсіпкер бастамашы болады екен.

Еске сала кетейік, 2017 жылы сыбайлес жемқорлықпен күрес жөніндегі "Transparency International" халықаралық ұйымыныӊ мәліметінше, Қазақстан әлемніӊ 180 мемлекеті арасынан 31 балл жинап 122-ші орынды иеленген, нәтижесінде көрсеткіш 2 балл және 9 орынға жоғарылап, сыбайлас жемқорлық деӊгейі аса жоғары мемлекеттердіӊ қатарынан шығуға мүмкіндік берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны