29.01.2014, 18:40 3141

Алматыда ішкі тұтыну тауарларын электрондық декларациялаудың пилоттық нұсқасы енгізілді

Қалада ішкі тұтыну үшін әкелінетін тауарларды электрондық декларациялаудың пилоттық нұсқасы енгізілді, деп Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы. 29 қаңтар. Kazakhstan today. Қалада ішкі тұтыну үшін әкелінетін тауарларды электрондық декларациялаудың пилоттық нұсқасы енгізілді, деп Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Алматы кеденінің бастамасымен өткізілген шараның өзектілігі қазіргі уақытта Алматы қаласында ішкі тұтыну үшін әкелінетін тауарларды электрондық декларациялаудың пилоттық нұсқасының сыналуына, сондай-ақ экспортты электрондық декларациялаудың ақпараттық жүйесін өндірістік пайдалануға енгізуге байланысты болып отыр", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің басқарма және бөлім басшылары кеден бекеттеріне үнемі шығып, ондағы сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға кеңестерін беріп, көлік құралдарына және тауарларға кедендік тазарту жүргізу барысында кәсіпкерлер тарапынан туындайтын түрлі сұрақтарға қатысты кеден заңнамасы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

Сонымен қатар, бөлімше басшыларының кеңестерінен бөлек, азаматтар мен кәсіпкерлер, әрбір кеден бекетінде жұмыс істейтін, ақпараттық - кеңес пункттеріне жүгіне алады, қызықтырған ақпаратты Департаменттің "аlmaty-customs.kz" ресми сайтынан және апта сайын өткізілетін Департамент басшылығының қабылдауынан біле алады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны