28.12.2013, 20:26 3185

Алматыда "ішкі тұтынуға арналған өнім" процедурасы бойынша электронды декларация енгізіледі

"2014 жылдың 13 қаңтарынан бастап аталмыш экспорт жүйесін өндірістік қолданысқа беру жоспарлануда. Электронды декларациялауда тауарларды декларациялауға өтініш беру декларанттың электронды сандық қолымен расталады және өзге де мемлекеттік органдармен интеграциялық қатынас арқылы электронды мақұлданады", - делінген хабарламада.

Алматы. 28 желтоқсан. Kazakhstan today. 2014 жылдан бастап Алматыда "ішкі тұтынуға арналған өнім" кедендік процедурасындағы тауарларды электронды декларациялау ақпараттық жүйесін өндірістік қолданысқа беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Алматы қалалық Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

"2014 жылдың 13 қаңтарынан бастап аталмыш экспорт жүйесін өндірістік қолданысқа беру жоспарлануда. Электронды декларациялауда тауарларды декларациялауға өтініш беру декларанттың электронды сандық қолымен расталады және өзге де мемлекеттік органдармен интеграциялық қатынас арқылы электронды мақұлданады", - делінген хабарламада.

Естірңізге сала кетейік, электронды декларациялау жобасы - кедендік органдар жұмысының қағазсыз технологияға өтуі. Электронды декларациялауды толық енгізгеннен кейін өтініштер қағаз арқылы берілмейтін болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны