15.01.2014, 19:44 5734

Алматыда Ислам даму банкі басқарушылар кеңесінің аймақтық форумы өтті

Алматының әлеуметтік маңызы бар жобалары қаржыландырудың исламдық принциптері бойынша жүзеге асуы мүмкін. Исламдық принциптер бойынша қаржыландыру алматылық кәсіпкерлер үшін қосымша қаржы көзіне айналмақ. Бұл туралы бүгін Ислам даму банкі басқарушылар кеңесінің аймақтық форумында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan today.

Алматы. 15 қаңтар. Kazakhstan today. Алматының әлеуметтік маңызы бар жобалары қаржыландырудың исламдық принциптері бойынша жүзеге асуы мүмкін. Исламдық принциптер бойынша қаржыландыру алматылық кәсіпкерлер үшін қосымша қаржы көзіне айналмақ. Бұл туралы бүгін Ислам даму банкі басқарушылар кеңесінің аймақтық форумында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan today.

Форум ИДБ тобының 40 жылдығы мен болашақ 10 жылға Стратегиялық құжат дайындауға арналған. Аталған алқалы жиынның жұмысына ҚР Премьер - министрінің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев, ИДБ президенті Ахмед Мохаммед Али, Ислам даму банкі бойынша жұмыс істейтін он мемлекеттің жауапты қызметкерлері қатысты.

Қала басшысы форумға қатысушыларды құттықтап, Алматының еліміздің қаржы орталығы екендігін атап өтті. Икім ірі жобаларды іске асыруда ислам банкінің қаржысына жүгінетіндігін де айтты.

"Алматы - еліміздің қаржы орталығы. Сондықтан да қалада екі жаққа да пайдалы іскерлік байланыс орнатуға толық мүмкіндік бар. Біз қаржыландырудың исламдық әдістерін қолдана отырып, муниципиалды кәсіпорындарда әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға мүдделіміз", - деді Ахметжан Есімов.

Өз кезегінде Ислам даму банкінің басшысы Ахмед Мохаммед Али Алматы әкімі Ахметжан Есімовке бірлесіп жұмыс істеуге дайын болғандығы үшін алғысын білдірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны