26.05.2017, 22:38 2873

Алматыда Ян Гейл тұжырымдамасыныӊ шеӊберінде аяқжол аймақтары абаттандырыла бастайды

Алматыда VI шақырылған мәслихаттыӊ кезекті сессиясында қаланыӊ 2017 жылғы бюджетіне енгізілген нақтылаулар қабылданды. Қаланыӊ Жалпы өӊірлік өнімі 2,6%-ға өсуіне, жергілікті және республикалцық бюджеттердіӊ кірісі бойынша жоспар асыра орындалуына, сондай-ақ, 123 млрд теӊге үнемделуіне байланысты, ағымдағы жылғы бюджет 48,9 млрд теӊгеге нақтыланды, деп хабарлайды қала әкімдігініӊ баспасөз қызметі.

Алматы. 26 мамыр. Kazakhstan Today - Алматыда VI шақырылған мәслихаттыӊ кезекті сессиясында қаланыӊ 2017 жылғы бюджетіне енгізілген нақтылаулар қабылданды. Қаланыӊ Жалпы өӊірлік өнімі 2,6%-ға өсуіне, жергілікті және республикалцық бюджеттердіӊ кірісі бойынша жоспар асыра орындалуына, сондай-ақ, 123 млрд теӊге үнемделуіне байланысты, ағымдағы жылғы бюджет 48,9 млрд теӊгеге нақтыланды, деп хабарлайды қала әкімдігініӊ баспасөз қызметі.

"Қаланы абаттандыруға 19,7 млрд теӊге бағытталады. Аллеялар, ландшафтық көгалдандыру, веложолдар, балалардыӊ ойын алаӊдарын, автокөлік қозғалысы қауырт жерлерде "қауіпсіздік алаӊдарын" және жаяу жүргінші өткелдерін жасай отырып, Ян Гейл тұжырымдамасыныӊ шеӊберінде Жібек Жолы, Панфилов, Гоголь, Қабанбай батыр көшелері, Астана алаӊы мен әр аудандағы 16 көшеде жаяу жүргіншілер аймағын абаттандыру жұмыстары басталады. 6 сквер, бір саябақ пен бір бульварда ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған. Сонымен қатар қала тұрғындарыныӊ жайлылығы үшін Төлебаев, Байсейітов көшелері мен Есентай өзенініӊ жағалауы бойынша 3 жаяу жүргіншгілер аймағын қайта жаӊғырту жоспарлануда", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, қалада жалпы сомасы 7,7 млрд теӊгеге 472 аула аумақтары абаттандырылады. Сондай-ақ, 10 шақырым арықтар мен арық өткелдерін, Үлкен Қарасу өзенініӊ арнасын және Кіші Алматы өзенін бойлай гидротехникалық құрылғыларды ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды бастау жоспарланып отыр. Жетісу ауданыныӊ Думан ықшамауданындағы бейіттіӊ инфрақұрылымын көріктендіруге 200 млн теӊге бөлінеді.

Сондай-ақ, қаланыӊ көше-жол желісініӊ өткізгіштік қабілетін арттыру және қоғамдық көлік жолаушыларына жоғарғы деӊгейде жайлы жағдай жасау үшін 95 шақырым жолдыӊ орташа жөндеу жұмыстарына қосымша 2,5 млрд теӊге бөлінеді. 2,4 млрд теӊгеге Алатау ауданыныӊ Алғабас және Ақбұлақ аудандарында және Наурызбай ауданыныӊ Қалқаман және Алтын Алаш ықшамаудандарында жаӊа жолдар салынады, деп хабарлайды әкімдіктегілер.

Тағы да 11,5 млрд теӊгеге кейінгі сервистік қызмет көрсетумен пайдалану сипаттамалары жақсартылған 297 жаӊа буын қалалық автобустар сатып алынады. Бұған қоса көлік тұрақтары жүйесініӊ жұмыс істеу тиімділігін қамтамасыз ету үшін 40 эвакуатор сатып алынады.

Баспасөз қызметініӊ нақтылауынша, әлеуметтік салаға қосымша 2,6 млрд теӊге бөлу жоспарлануда. Оныӊ ішінде жеке меншік балабақшаларда балаларды мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеуге мемлекеттік тапсырысты ұлғайту, әрекет етуші мемлекеттік балабақшалардағы орын-жайларды оӊтайландыру және мектепке дейінгі 8 білім беру мекемесіндегі апаттық жағдайларды жою үшін жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін білім беру саласына 207,6 млн теӊге бөлінеді.

Денсаулық сақтау саласында 2018 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды қолданысқа енгізуге дайындықты 100% қамтамасыз ету үшін 2148 бірлік компьютер мен 440 орынға есептелген жалпы аумағы 35 000 шаршы метр аумақтағы онкологиялық орталықтыӊ құрылысын салуға Жобалық сметалық құжаттамаларын әзірлеу жұмыстарына қосымша 557,9 млн теӊге бөлу жоспарланған.

Сондай-ақ, халықтыӊ әлеуметтік аз қорғалған топтарын қолдау аясында 1,8 млрд теӊге бөлу жоспарланған. 7 мыӊ адам қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтеді, 65 қызмет алушыға арналған "Аз сыйымдылықты үй" және "Өз бетімен тұру орталығы" және мүгедек балалар күндіз болатын бөлімше құру жобалары жүзеге асырылады. 50 кедей отбасын әлеуметтік тұрғыда сүйемелдеу үшін "Отбасы мен балалықты қолдау орталығы" құрылады. Мүмкіндігі шектеулі балаларды сауықтыру және реабилитациялау үшін "Келешегі бар бала" атты пилотты жобаны жүзеге асыру ұсынылып отыр. Қаланыӊ спорттық әлеуетін дамыту және қолдау үшін 2017 жылы 758,5 млн теӊге көлемінде қосымша қаржыландыру жоспарланған.

Сондай-ақ, тұрғын-үй -коммуналдық шаруашылықты жаӊғырту аясында 64 үйдіӊ лифт құрал-жабдықтарын алмастыруға және 30 үйдіӊ кешенді жөндеу жұмыстары бойынша Жобалық сметалық құжаттамаларын әзірлеу жұмыстарына және 33 үйдіӊ шатырын жөндеуге 896 млн теӊге қарастырылған. Инженерлік желілердіӊ құрылысына 1,9 млрд теӊге қосымша бөлу қарастырылған.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласына 2,5 млрд теӊге бағыттау жоспарланған. Экологияны жақсарту бойынша кешенді жоспар шеӊберінде автокөліктердіӊ улылық және түтінділік нормаларын бақылау үшін 10 бірлік газ талдау кешендері сатып алынады. Бұған қоса, төтенше жағдай болғанда тұтынушыларды жылумен қамтамасыз етуге және жылыту желілерініӊ мұздауыныӊ алдын алуға мүмкіндік беретін 7 бірлік арнаулы техника мен жылжымалы модульдік қазандық сатып алу көзделіп отыр.

Алматыда келесі жылдыӊ аяғында БҰҰ-ныӊ өӊірлік хабы ашылады, онда халықаралық ұйымныӊ 19 агенттігі мен өкілдігі орналасатын болады. Осыған байланысты ағымдағы жылы Жобалық сметалық құжаттамаларын әзірлеу жұмыстарына 50 млн теӊге бөлінеді, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Қаланыӊ барлық аудандарыныӊ теӊгерімді дамуы "Алматыны 2020 жылға дейін дамыту" жөніндегі бағдарламаныӊ басымдықтарыныӊ бірі. Осылайша, қаланыӊ 2017 жылғы бюджеті нақтылауды қоса алғанда 542,4 млрд теӊгені құрады, бұл ретте даму бюджеті өткен жылмен салыстырғанда 21 млрд теӊгеге ұлғайып, 163 млрд теӊгені құрады", - деп хабарлайды әкімдік.

Баспасөз қызметініӊ нақтылауынша, ағымдағы жылдыӊ бірінші тоқсанында инвестициялар көлемі 13%-ға, тұрғын үйді пайдалануға беру - 34%-ға, бөлшек сауда - 8,6%-ға, өнеркәсіп - 4,5%-ға, құрылыс - 1,6%-ға, байланыс - 1,3%-ға өсті. Республикалық бюджетке түсетін салықтық түсімдерді өткен жылмен салыстырғанда 4%, жергілікті бюджетке түсімдерді 6%-ға өсіру мүмкін болды. Былтыр жергілікті бюджетке түсімдер бойынша жоспар 12,2 млрд теӊгеге, республикалық бюджет бойынша түсімдер жоспары 102,6 млрд теӊгеге асыра орындалды. Сонымен бірге бюджеттік алымдар жылдан жылға өсе түсуде. Алматы еліміздіӊ ірі мегаполисі болуға байланысты мейлінше ауқымды инвестициялық салымдарды талап етеді, 2017 жылы қаланыӊ бюджеттік алымдарыныӊ көлемі азайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны