04.05.2008, 18:11 2825

Алматыда қаланың энергетикалық кешенін дамытудың жаңа бағдарламасының жобасы жасалады - әкімшілік

Алматыда қаланың энергетикалық кешенін дамытудың жаңа бағдарламасының жобасы жасалады - әкімшілік

Алматы. 4 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда қаланың энергетикалық кешенін дамытудың жаңа бағдарламасының жобасы жасалады, деп хабарлайды агенттік Алматы әкімшілігі аппаратының бұқарамен байланыс басқармасына сілтеме жасап.

Алматы қалалық әкімшілігінде қала әкімі Ахметжан Есімовтың төрағалығымен қаланың энергетикалық кешенін дамыту мәселесіне арналған кеңес өтті, оған энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев қатысты.

Баспасөз баянында хабарланғанындай, жаңа энергетикалық бағдарламаны жасау үшін жұмыс тобы құрылған. Оны Алматы әкімінің орынбасары Асқар Сманқұлов басқарады.

Қаланың энергетикалық кешенін дамытудың қазіргі бағдарламасы ескірген, "құрылыстың қарқынды дамуы оған ұдайы түзетулер енгізіп отыруды талап етеді", деп хабарлайды басқармадағылар.

"Бүгінгі кеңесте жария етілген ақпаратқа сәйкес, барлық ірі қуат өндірушілер үшін (1, 2, және 3-ші ЖЭО мен ЗТК) ортақ тауқымет - негізгі және қосалқы жабдықтың мейлінше тозығы жетуі, жобада көрсетілмеген отынды пайдалану, ғимараттар мен орын-жайлардың апатты жағдайда болуы, күл төгетін орындардың әбден толуы болмақ. Қала үшін ауаға тасталатын қалдықтар да үлкен проблема", -делінген хабарламада.

"Сарапшылардың бағалауынша, Алматының энергетикалық жүйесін 2020 жылға дейін дамыту жөніндегі ұсыныстарды жүзеге асыру үшін 300 млрд теңге керек", деп хабарлайды басқарма. Алайда, Алматы әкімі А. Есімов бірінші кезекте "ахауалға мұқият талдау жүргізіп, осы жыл мен ұзақ мерзімді кезеңге басым бағыттарды айқындауды ұсынды. Қаржыландыру көздерін осыдан кейін ғана айқындауға болады", - делінген хабарламада.

"Жылу қуатын өндіруші көздердің қолында бар жылу қуаты ресурсы 2007 жылы 3615 Гкал/сағ, жылу қуатының тапшылығы 382 Гкал/сағ болды. Өз көздерімізде өндірілген электр қуатының ресурсы 2007 жылы 950 МВт, солтүстістіктегі көздер, Жамбыл ГРЭСі мен жартылай Қырғызстаннан алыну арқылы толтырылған электр қуатының тапшылығы - 400 МВт болды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны