11.10.2006, 16:51 3188

Алматыда қараша айының басында "Қазақстандағы инвестициялық ахуал және корпоративтік басқару" атты ІІ халықаралық конференция өтеді

АЛМАТЫ. 11-қазан. Kazakhstan Today. Алматыда 8-9-қарашада "Қазақстандағы инвестициялық ахуал және корпоративтік басқару" атты ІІ халықаралық конференция өтеді. Бұл туралы форумды ұйымдаструшылар бүгін өткен баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бас қосуды ұйымдастыру комитетінің басшысы, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының жанындағы корпоративтік басқару жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі, "Сентрас Секьюритиз" АҚ-ның басқарушы директоры Ерлан Балғариннің айтуынша, форумның басты мақсаты - Қазақстандағы корпоративтік басқаруды дамыту, миноритарлық акционерлердің құқығын қорғау, "акционерлер мен директорлар кеңесі, тікелей басқармалар арасында дұрыс қарым-қатынастар" орнату болып табылады.

Е.Балғариннің айтуынша, бас қосуда ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігі, экономика министрлігі, Ұлттық банк, "Қазына" және "Самұрық" мемлекеттік холдингтері, ірі банктер мен инвестициялық компаниялардың өкілдері сөз сөйлейді. "Біз компаниялардың өзінің акционерлер мен директорлар кеңесіне қатысты ашықтығымен сабақтас мәселелерді қозғамақшымыз. Бұл мәселе бүгінгі күнге дейін жабық күйінде қалып отыр". "Компаниялардың барлығы бірдей компаниядағы ахуалға, қабылданған ірі шешімдерге, қаржылық есепке қатысты ақпараттарды дер кезінде таныстырмайды. Кейде тіпті акционерлерді жалпы жиналысқа шақырмайды да",- деді Е.Балғарин.

Сонымен бірге оның айтуынша, форумда компаниялардың қаржылық ашықтығы, қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына көшу және осыған байланысты туындайтын мәселелер талқыланады. "Бұған қоса іскерлік этика, компания аясындағы мүдделер қайшылығы мәселелері де көтеріледі. Мәселен, кей жағдайда жетекшілер жеке басының немесе компанияның мүддесіне байланысты орынды деуге келмейтін шешімдер қабылдап жатады",- деді ол.

ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігінің бағалы қағаздар және зейнетақы жинақтау қорлары рыногындағы субьектілерді қадағалау департаментінің директоры Нұрлан Тоқабаевтың айтуынша, қазір парламентте миноритарлық акционерлердің құқығын қорғау туралы заң жоабсы қаралып жатыр. Алдағы форумда аталмыш құжатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі де талқыланбақшы. "Бұл заңда бағалы қағаздар нарығына қатысты мәселелер, еліміз компанияларының сыртқы нароыққа шығуына қатысты және абсқа да көптеген мәселелер сөз болады",- деді Н.Тоқабаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны