15.07.2014, 23:27 3362

Алматыда "Қазақстан-2014" қала құрылысы форумы өтеді

Алматыда 11-13 тамыз аралығында қала әкімдігінің қолдауымен Қазақстанның қала құрылысшылары кеңесі "Жасыл академия" ғылыми-білім беру орталығымен бірлесіп XII "Қазақстан-2014": Қазақстан Республикасындағы "жасыл" қала құрылысының артықшылықтары" қала құрылысы форумын өткізеді.

Алматы. 15 шілде. Kazakhstan today. Алматыда 11-13 тамыз аралығында қала әкімдігінің қолдауымен Қазақстанның қала құрылысшылары кеңесі "Жасыл академия" ғылыми-білім беру орталығымен бірлесіп XII "Қазақстан-2014": Қазақстан Республикасындағы "жасыл" қала құрылысының артықшылықтары" қала құрылысы форумын өткізеді.

Форум аясында ҚР-ның "жасыл" экономикаға өту тұжырымдамасын сәтті іске асыруы мен ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық мақсатында "жасыл" құрылыс бойынша үш күндік семинар-тренинг өтеді, деп хабарлайды ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі. Бұл ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің бастамасы бойынша өткізіліп отырған екінші оқыту семинары.

Семинардың мақсаты - "жасыл" экономикадағы әдістеме саласындағы отандық құрылыс компаниялары әлеуетін арттыру мен халықаралық BREЕAM және LEED "жасыл" стандарттарын оқыту.

Оқыту бағдарламасы құрылыс саласында "жасыл" қағиданы енгізу мәселесін қамтып, экологиялық білім артықшылықтары мен халықаралық BREЕAM (Ұлыбритания) және LEED (АҚШ) "жасыл" стандарттары талаптары мен басты критерийлерін, сонымен қатар өзге де стандарттармн бағалауды қамтиды.

Тренерлер ретіне BREЕAM және LEED сертификациялық бағалаушылары мен CBRE компаниясы сарапшылары шақырылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны