02.04.2018, 15:51 4653

Алматыда Қазақстан мен Үндістан арасындағы көлік-логистикалық серіктестігін дамыту болашағы талқыланды

Шараға қатысушылар Солтүстік-Оӊтүстік бағдарындағы тасымалдауға сұраныстыӊ артқандығын атап өтті. Бұл бағдарға тиісті кедендік ресімдеулер мен экспорттық-импорттық операцияларды жетілдіруге әкеледі

Астана. 2 сәуір. Kazakhstan Today - "ҚТЖ" ҰК" АҚ еншілес кәсіпорны "KTZ Express" АҚ өкілдері Алматыдағы "Үндістанда бизнес жүргізу" семинарына қатысты. Шараны ҚР мен Үндістан елшіліктерініӊ қолдауымен Қазақстан- Үндістан Іскерлік Кеӊесі мен Қазақстандағы үнді қоғамы қауымдастығы (INCHAM) ұйымдастырды.

Семинарда сөз сөйлеген "KTZ Express" АҚ вице-президенті Нұрлан Игембаев Қазақстанныӊ көлік-логистикалық инфрақұрылымыныӊ мүмкіндігі мен болашағы туралы баяндады.

Н. Игембаевтыӊ айтуынша, жеке сектордыӊ инвестициялық жобаларын жүзеге асыру мақсатында Қазақстанныӊ ішінде және сыртқы елдерінде жүк ағындарын шоғырландырып және тарататын дистрибуциялық логистикалық орталықтары жасақталуда.

Тауарлардыӊ жедел жеткізілуін қамтамасыз ету үшін ірі сауда бағыттарында халықаралық контейнерлік қызметтерді тұрақты атқаруға мультимодальдық шешімдер жасалып, кешенді логистикалық қызмет пакеті қарастырылуда.

"Жаӊадан болашағы зор көлік дәліздерін жасақтау мен дамыту өз кезегінде логистикалық инфрақұрылымды дамытуға, Қазақстан мен Индия аралығындағы тауар айналымын арттыруға ықпал етеді",-деп атап өтті Н. Игембаев.

Шараға қатысушылар Солтүстік-Оӊтүстік бағдарындағы тасымалдауға сұраныстыӊ артқандығын атап өтті. Бұл бағдарға тиісті кедендік ресімдеулер мен экспорттық-импорттық операцияларды жетілдіруге әкеледі.

Сондықтан да "Солтүстік- Оӊтүстік" дәлізін дамытуға Қытай- Еуропа- Қытай транзиттік бағдарын жүзеге асыру тәжірибесі қолданылатын болады.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспсөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны