16.02.2018, 17:24 7388

Алматыда Қазақстанныӊ "Doing Business" рейтингінде позициясын жақсарту бойынша шаралар жоспары жасалды

Алматы әкімі Бауыржан Байбек мемлекеттік органдар басшыларыныӊ, қаржы секторы, соныӊ ішінде екінші деӊгейлі банктер өкілдерініӊ қатысуымен Қазақстанныӊ "Doing Business" бүкіләлемдік рейтингінде позициясын жақсарту бойынша кеӊес өткізді

Алматы. 16 ақпан. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Бауыржан Байбек мемлекеттік органдар басшыларыныӊ, қаржы секторы, соныӊ ішінде екінші деӊгейлі банктер өкілдерініӊ қатысуымен Қазақстанныӊ "Doing Business" бүкіләлемдік рейтингінде позициясын жақсарту бойынша кеӊес өткізді.

Алматы әкімдігінде түрлі мемлекеттік органдар қызметін пайдалану мониторингініӊ, сонымен қатар екінші деӊгейлі 19 банкте есепшот ашудыӊ нәтижелері айтылды.

Анықталғаны, екінші деӊгейлі 11 банктіӊ бөлімшелерінде, олардыӊ ішінде "Банк Хоум Кредит", "Альфа-банк", "Сбербанк", "Цеснабанк", "QazaqBanki", "Нурбанк", "Forte Bank", "Банк Астана", "Halyk Bank", "Tengri Bank" банктері бар, кәсіпкерлер есепшот ашқан кезде заӊға қарсы әрекеттерге барып, кәсіпкерлерден 2015 жылы алынып тасталған мөрдіӊ таӊбасын талап еткен.. Ал Евразия банкі сонау 2012 жылы күшін жойған жарғыныӊ нотариалды расталған көшірмесін де сұраған.

Алматы әкімі кеӊес барысында қалада бизнесті жүргізудіӊ жолын оӊтайландыратын әрі реформаларды одан әрі имплементациялайтын бірқатар шараларды жүзеге асыуруды тапсырды. Бұлардан өзге мемлекеттік органдарға бизнесті жеӊілдетудегі жаӊа өзгерістерді кәсіпкерлерге түсіндіруді күшейту қажеттігін атады.

"Бүгінгі күні Үкіметте орталық деӊгейде ОЭСР стандарттарына сай тиісті заӊдар, реформалар қабылдануда, ал біз жергілікті жерде оларды жүзеге асыруға және процесстерді оӊтайландыруға тиіспіз, - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Айта кетерлігі, өткен жылдыӊ қорытындысы бойынша Бүкіләлемдік "Doing Business" рейтингінде Алматы бойынша анықталатын Қазақстан 190 елдіӊ ішінде 36 орынға шықты. Рейтингте позицияны жақсарту мақсатында Алматы әкімдігі 2018 жылдыӊ 45 баптан тұратын шаралар жоспарын жасады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны