15.10.2018, 14:33 5159

Алматыда Қазақстанныӊ Кәсіпкерлік кодексініӊ қолданылу тәжірибесі талқыланды

Дөӊгелек үстелдіӊ мақсаты - Кәсіпкерлік кодексті іске асыру, олқылықтар мен қайшылықтарды шешу, сондай-ақ кәсіпкерлік заӊнаманы жетілдірудіӊ әрі қарайғы қадамдарын анықтау бойынша өзекті мәселелерді талқылау.

Алматы. 15 қазан. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 11 қазанда Алматы қаласында Ұлттық экономика министрлігі "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ-мен бірлесіп, "Қазақстан Республикасыныӊ Кәсіпкерлік кодексініӊ қолданылу тәжірибесі" тақырыбында дөӊгелек үстел өткізді.

Дөӊгелек үстелдіӊ мақсаты - Кәсіпкерлік кодексті іске асыру, олқылықтар мен қайшылықтарды шешу, сондай-ақ кәсіпкерлік заӊнаманы жетілдірудіӊ әрі қарайғы қадамдарын анықтау бойынша өзекті мәселелерді талқылау.

Сындарлы пікірталас құру үшін дөӊгелек үстелдіӊ жұмысына ҚР Парламент Мәжілісініӊ депутаттары, орталық мемлекеттік органдардыӊ, квазимемлекеттік саланыӊ, жоғары оқу орындарыныӊ өкілдері және бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.

Ұлттық экономика министрлігініӊ Кәсіпкерлікті дамыту департаментініӊ директоры Асланбек Жақыпов бүгінде бизнес қызметін реттейтін негізгі заӊнамалық құжат болып табылатын Кәсіпкерлік кодексті іске асырудыӊ 3 жылдық қорытындыларына басты назар аударды.

Асланбек Жақыповтыӊ айтуынша, Кәсіпкерлік кодексті енгізудіӊ басты мақсаты - бұл жалпы кәсіпкерлік қызметті реттейтін "функционалдық" заӊдарды жүйелеу. Кодекстіӊ нормалары кәсіпкерлік субъектілерініӊ адалдығын ынталандыруға, сондай-ақ мемлекет пен бизнес арасында серіктестік қарым-қатынастарды құруға бағытталған.

Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық топ басшысыныӊ орынбасары Гүлнәр Құрбанбаева Кәсіпкерлік кодекс аясындағы мемлекеттік реттеуге өзініӊ оӊ бағасын берді.

"Реттегіш құралдарды қолдану соӊғы 3-5 жылда кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік басқару жүйесін ретке келтіруге, бизнес шығасыларын азайтуға, бизнес пен биліктіӊ өзара қарым-қатынастарын траспарентті етуге мүмкіндік берді", - деді Гүлнәр Құрбанбаева.

Нақты айтқанда, Кәсіпкерлік кодексті іске асыру кезінде тексерістер саны 2,5 есе азайды, бизнес субъектілерінен сұралатын ақпараттық құралдар саны айтарлықтай қысқарды, реттеушілік әсерді талдауды енгізу салдарынан кәсіпкерлік субъектілеріне бірқатар негізсіз талаптардан қорғалды.

Бұл ретте, рұқсат беру рәсімдерін, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру аясында кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптардыӊ қарастырылуын талдау, сондай-ақ ақпараттық құралдарды қолдану пысықтауды, ҚР қолданыстағы заӊнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап ететін жүйелік сипаттағы бірқатар мәселелер мен проблемаларды анықтады.

Соттардыӊ, өзге құқық қорғау органдарыныӊ да, кәсіпкерлік қарым-қатынастардыӊ негізгі қатысушыларыныӊ да Кәсіпкерлік заӊнаманы біртұтас түсіну мен қолдануын қамтамасыз ету мақсатында кәсіпкерлік заӊнаманы одан әрі реформалау қажеттілігі, сондай-ақ бизнес субъектілеріне ғана тән қарым-қатынастарды реттеу бөлігінде кәсіпкерлік кодекстіӊ саласын кезеӊ-кезеӊімен кеӊейту қажеттілігі туралы Халықаралық стратегиялық зерттеулер академиясыныӊ сарапшылары Илия Дәуітбаева-Мұхтарова және Естер Бабаджанян айтқан болатын.

Кәсіпкерлік кодекстіӊ "Экономикалық бәсеке" 4-бөліміне баға бере отырып, әрі қарай өзгерістер мен толықтырулар жүргізу қажеттілігіне "Бәсекелес саясатты дамыту және қорғау орталығы" АҚ президенті Алдаш Айтжанов та назар аударды. Оныӊ айтуынша, аталған үрдіс бірқатар мәселелермен негізделген:

? нарық субъектісін толық түсінбеу;

? "эксаумақтылық" қағидатын іске асыру тетіктерініӊ болмауы;

? жаӊа (цифрлік) нарықтар үшін бәсекені реттеу заӊнамасы нормаларыныӊ қабылданбайтыны (онлайн платформалар, үлкен деректер, желілік әсерлер) және т.б.

Дөӊгелек үстелдіӊ жұмысы барысында сындарлы пікірталас өтті, аталған пікірталаста әр қатысушы Кәсіпкерлік кодексті қолдану тәжірибесініӊ жай-күйі бойынша өз пікірін білдіру мүмкіндігіне ие болды. Негізінен, кәсіпкерлер заӊ жобаларын әзірлеу кезеӊінде қоғамдық талқылаулардыӊ ретсіз өткізілуін, Кәсіпкерлік және Азаматтық кодекстердіӊ иерархиясы мәселелерін, сондай-ақ қызмет салалары бойынша мемлекеттік реттеу мәселелерін талқылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны