06.10.2009, 14:01 1699

Алматыда Қазақстанның XII халықаралық "Мұнай және газ" - KIOGE 2009 көрмесі ашылды

Алматыда Қазақстанның XII халықаралық "Мұнай және газ" - KIOGE 2009 көрмесі ашылды

Алматы. 6 қазан. Kazakhstan Today - Алматыда Қазақстанның XҮII халықаралық "Мұнай және газ" - KIOGE 2009 көрмесі ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Көрмеге әлемнің 30 елінен 520 компания, сондай-ақ, мұнай, мұнай өңдеу, химия және газ, мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау, экология және мемлекеттік құрылымдардың бірнеше мың өкілі қатысуда.

Қатысушылардың арасында "ҚазМұнайГаз" ҰК, "Қазгипронефтетранс" ИК, "Мұнайгаз Инжиниринг", "Қазпетромаш", Каспий құбыр консорциумы, "Нефтегаз" ҒЗЖИ, "Газпром", "Шеврон", CNPC, "Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг", "ЛУКОЙЛ", Изербайжанның Мемлекеттік мұнай компаниясы, Inpex, NCOC, Statoil, Total компаниялары, сондай-ақ, Ұлыбритания, Германия, Голландия, Италия, Қытай, Канада, Норвегия, Финляндия мен Францияның ұлттық мұнай топтары бар.

Көрме аясында 7 - 8 қазанда KIOGE 2009 конференциясы өтеді.

"Биыл мұнайшылар намысты қолдан бермеді. Қиындықтарға қарамастан, ұнай өндіру көлемінің өсіміне жол берілді. . Биыл мұнай өндіру көлемі өткен жылғыдан шамамен 5 млн тоннаға артық болады. Бұл аз көлем емес, бұл - біздің әріптестеріміздің белсенді жұмысының нәтижесі", - деді көрменің ашылуында сөз алған ҚР энергетика және минералды ресурстар вице-министрі Ләззат Қиынов.

"Бізде айтатын да, көрсететін де дүниелеріміз бар. Оған біздің көрмеміз - үлгі, онда біздің қонақтарымыз бір жылдың ішінде қол жеткізгендерін, жаңалықтарын көрсетуге тырысады. Бір-бірімізбен барымызды бөлісудің де үлкен мүмкіндігі", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны