10.04.2012, 12:45 3552

Алматыда "Қазақстан-Ресей: стратегиялық әріптестіктің экономикалық және саяси факторлары" атты конференция өтті

Форум жұмысына қазақстандық сарапшылармен қатар Ресей Ғылым академиясының әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтының өкілдері атсалысты. Конференция барысында Ресей мен Қазақстанның ортақ экономикалық кеңістік аясындағы сауда-экономикалық, қаржы -инвестициялық, аймақтық қауіпсіздік саласындағы әріптестігі талқыланды. Басқосуға Қазақстан Парламентінің депутаттары, "Нұр Отан" халықтық демократиялық партиясының өкілдері, ғалымдар қатысты.

Алматы. 10-сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында "Қазақстан-Ресей: стратегиялық әріптестіктің экономикалық және саяси факторлары" атты алтыншы ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Форум жұмысына қазақстандық сарапшылармен қатар Ресей Ғылым академиясының әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтының өкілдері атсалысты. Конференция барысында Ресей мен Қазақстанның ортақ экономикалық кеңістік аясындағы сауда-экономикалық, қаржы -инвестициялық, аймақтық қауіпсіздік саласындағы әріптестігі талқыланды. Басқосуға Қазақстан Парламентінің депутаттары, "Нұр Отан" халықтық демократиялық партиясының өкілдері, ғалымдар қатысты.

Сарапшылардың пікірінше, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев тоқсаныншы жылдардан бастап көтерген евразиялық интеграция туралы бастамасы бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеп, үлкен қарқынмен жүзеге асуда. Бұл жағдайда саяси және экономикалық сарапшыларға жүктелетін басты міндет - интеграциялық үдерістерді қандай бағытта дамыту қажеттігін айқындау.

"Илемдік дипломатиядағы жаңа үрдістер туралы айтатын болсақ, Президент Нұрсұлтан Назарбаев жаханда болып жатқан ауқымды өзгерістерді алғашқы болып тамырын дөп басты. Алғашында аймақтық және аймақаралық интеграция туралы идеяға көптеген саясаткерлер күмәнмен қарағаны рас. Дегенмен, қазір Азияда тұрақтылық орнамай, басқа әлемдегі, мысалы европадағы қауіпсіздік туралы сөз қозғау мүмкін емес екеніне бәрі де көз жеткізді. Мұндай әлемдік маңызы бар бастамаларды жүзеге асыруда Қазақстанның европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі үлкен роль ойнады. Қазақстанның интеграция туралы бастамаларын бүгінде ең озық ойлы сарапшылар мен саясаткерлер қолдап отыр",- деп мәлім етті ҚСЗИ директоры Болат Сұлтанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны