21.12.2012, 17:20 3218

Алматыда көзілдірік линзаларын 2 сағат ішінде дайындайтын болады

Бұл жөнінде "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында жұмыс жасап жатқан кәсіпорындар бойынша баспасөз туры кезінде "Медремзавод" ЖШС-ның бас директоры Арыстанбек Жұмағұлов мәлімдеді.

Алматы. 21-желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматыда көзілдірік линзаларын 2 сағат ішінде дайындайтын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл жөнінде "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында жұмыс жасап жатқан кәсіпорындар бойынша баспасөз туры кезінде "Медремзавод" ЖШС-ның бас директоры Арыстанбек Жұмағұлов мәлімдеді.

BNews.kz ақпараттық агенттігіеің хабарлауынша, "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында Алматыда "Медремзавод" ЖШС медициналық фирмасы жұмыс жасайды. "Даму" Кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ 70 млн АҚШ долларын субсидиялау арқылы аталмыш мекемеге көмек көрсетті. Кәсіпорын бөлінген қаражатқа озық линзаларды дайындайтын шетелдік жабдық сатып алды.

"Біз ескі жабдықпен өткен жылы 10-15 күн ішінде күрделі линзаларды дайындайтынбыз. Бірақ, өткен жылдың басында бізге Германиядан әріптестеріміз келді. Олар линза дайындайтын технологияны жетілдірді. Линза дайындауға кететін уақыт бір тәулікке дейін қысқарды. Бірақ, біз енді жаңа жабдықты орнату арқылы линза дайындау мерзімін 2 сағатқа дейін жеткізбекшіміз", - деді А.Жұмағұлов.

"Медремзавод" ЖШС бас директорының айтуынша, егер дайындаудың аталған талабы бұзылатын болса, онда компания линзаларды қайтарымсыз негізде жөндеп беруге міндетті. Сатып алынған жабдық келер жылғы қаңтардың басында Алматыға жеткізіледі. Монтаж бен орнатуға шамамен 15 күн уақыт кетеді. Сол себепті, ақпан айынан бастап алматылықтар 2 сағат ішінде қажетті линзаға тапсырыс беріп, ала алады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны