26.01.2016, 13:08 4191

Алматыда мектепке дейінгі білім беруге қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін 3 млрд теӊге бөлінеді

Мектепке дейінгі білім беруге қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін Алматы бюджетінен қосымша 3 млрд теӊге бөлінеді, деп мәлімдеді бүгін қала әкімі Бауыржан Байбек ОКҚ брифингінде

Алматы. 26 қаӊтар. Kazakhstan Today - Мектепке дейінгі білім беруге қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін Алматы бюджетінен қосымша 3 млрд теӊге бөлінеді, деп мәлімдеді бүгін қала әкімі Бауыржан Байбек ОКҚ брифингінде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Жергілікті бюджеттен 3 млрд теӊге бөлінеді деген шешім қабылданды", - деді Б.Байбек, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Сонымен бірге, ол нақтылағандай, Алматыда ата-аналар 3 пен 5 жас аралығындағы балалардыӊ балабақшада тәрбиеленуіне ақша төлесе, 5-6 жастағы балаларға - мемлекет төлейді.

"Бүгінгі күні айлық шығым өсті, егер ата-аналар бұрын 27 мыӊ төлесе, қазіргі таӊда балабақшадағы 1 орын 38 мыӊ тұрады. Ата-аналар орташа есеппен алғанда 15 мыӊнан төлейтін болады, яғни қаражаттарын 20-21 мыӊға үнемдейді. Бұл 17 мыӊ балаларды қамтиды", - деп нақтылады ол.

"Бұл өте маӊызды сұрақ. Бұл жерде әлеуметтік тұрғын топтарына қолдау көрсетілетін болады. Меніӊ ойымша, бұл Президенттіӊ тапсырысынныӊ орындалуыныӊ нақты жолы", - деп толықтырды Б.Байбек.

Қала әкімдігініӊ мәліметінше, Алматыда 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 70% құрайды. 2015 жылы 4900 орындық 52 балабақша пайдалануға берілді, олардыӊ 17-сі мемлекеттік бюджет қаражаты, 34-і - жеке қаражат есебінен және 1-еуі мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында салынған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны