07.10.2016, 23:58 6851

Алматыда метроныӊ жаӊа тармағын, демалыс аймағын салу және "Тозығы жеткен баспана" бағдарламасыныӊ жүзеге асырылу жайы талқыланды

Алматыда өткен инвестициялық форумда Түріксіб ауданында метроныӊ жаӊа тармағын тарту, демалыс аймағын салу және "Тозығы жеткен баспана" бағдарламасын жүзеге асыру туралы талқыланды.

Алматы. 7 қазан. Kazakhstan Today - Алматыда қала әкімініӊ орынбасары Ерлан Иукенов, аудан әкімі Владимир Устюгов, шетелдік инвесторлар, аудандағы ірі және орта өнеркәсіп орындарыныӊ өкілдері, қаржылық даму институттары, дипломатиялық өкілдіктердіӊ және т.б. қатысуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай Түріксіб ауданыныӊ инвестициялық форумы өтті, деп хабарлайды қалалық Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы.

"Негізгі капиталға салынған инвестициялардыӊ көлемі 27 млрд астам теӊгені құрады, оныӊ 20% немесе 5 млрд теӊгесі - шетелдік. Қазіргі сәтте аудан көбінесе өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарды салуға арналған жалпы аумағы 7500 га құрайтын жер массивінен тұрады. Ауданда шамамен 700-ге жуық өнеркәсіптік және көліктік кәсіпорындар, 50-ден астам темір жол тұйықталымдары бар", - деді Владимир Устюгов.

Оныӊ айтуынша, жылдыӊ басынан бері жеке меншік инвестициялардыӊ есебінен 12 мектеп жасына дейінгі балалар мекемесі, 8 спорт алаӊы салынды, көпқабатты тұрғын үйлердіӊ 22 қасбеті жөнделді. Инфрақұрылым мен бизнестіӊ дамуына тоқталған Владимир Устюговтыӊ айтуынша, ауданда "Бизнестіӊ жол картасы - 2020" және "Индустрияландыру картасы" мемлекеттік бағдарламаларыныӊ шеӊберінде 42 кәсіпорын қолдауға ие болды, соныӊ нәтижесінде шамамен 6000 жаӊа жұмыс орны құрылады.

Сонымен бірге форумда "Метрополитен" КҚМ директоры Нұрлан Мұханов Түріксіб ауданында жер асты транспортын дамыту жоспарлары туралы баяндады.

Оныӊ айтуынша, "Райымбек батыр" бекетінен бастап Сейфуллин даӊғылын бойлай қаланыӊ төменгі бөлігіне қарай метроныӊ жаӊа тармағын салу қарастырылатын болады: Жансүгіров көшесі мен Сейфуллин даӊғылыныӊ қиылысында, Сейфуллин даӊғылын бойлай Ақан сері көшесіне айналмада, Жұмабаев көшесі мен Сейфуллин даӊғылыныӊ қиылысында, "Локомотив" стадионы, "Алматы-1" теміржол бекеті маӊында, Бекмаханов пен Жансүгіров көшесініӊ қиылысында, "Первомайский", сондай-ақ, "Қоянқұс" және "Ынтымақ" кентінде.

Бұған қоса, кездесу барысында "Тозығы жеткен баспана" мемлекеттік бағдарламасы бойынша ескі үйлерді сүру және жаӊа үйлер салу мәселесі де көтерілді. Мәселен, Сейфуллин - Успенский - Молдағұлова көшелері- Баум бағы квадратында жеке меншік қаржыныӊ есебінен көне үйлердіӊ орнына балаларды оқыту орталығын, балабақша, полицияныӊ кезекші бөлімін, туристік бюро, көпқабатты көлік тұрағын және т.б. салу жоспарланып отыр.

Аудан әкімі сонымен қатар "Жас Қанат" ықшамауданын дамыту туралы да айтып берді. Атап айтсақ, Алматы көлін қайта жаӊғырту және абаттандыру талап етілуде, кейін бұл жерде сулы аттракцион түрлері бар демалыс аймағы салынуы мүмкін. Көлдіӊ жанында 13 гектар аумағы бар орманды саябақ орналасқан, ол да арқан қалашық пен басқа да ойын-сауық түрлерін ұйымдастыруға жарамды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны