09.06.2014, 22:22 3063

Алматыда ОҚО ұсынған ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өтті

Алматыдағы ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне 220 тонна азық-түлік жеткізілді. Қала азаматтары Оңтүстік Қазақстан облысы ұсынған елуден астам азық-түлік түрлерін базардағы бағадан 15-20 пайызға төмен сатып алды, деп қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Алматы. 9 маусым. Kazakhstan today. Алматыда Оңтүстік Қазақстан облысы ұсынған ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өтті

Алматыдағы ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне 220 тонна азық-түлік жеткізілді. Қала азаматтары Оңтүстік Қазақстан облысы ұсынған елуден астам азық-түлік түрлерін базардағы бағадан 15-20 пайызға төмен сатып алды, деп қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Тауар құны мен сапа деңгейіне қала әкімі Ахметжан Есімов баға берді.

Алматы тұрғындарына 68 миллион теңге көлеміндегі азық-түлік жеткізілді. Соның ішінде, ет өнімдері - 53 тонна, жеміс-көкөніс - 87 тонна, сүт өнімдері - 15 тонна және де басқа тауар түрлері - 65 тоннаны құрады.

Айта кетейік, соңғы 6 жыл бойы Алматыда азық-түлік нарығындағы бағаны тұрақтандыру үшін ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны