25.10.2012, 10:56 3192

Алматыда өнеркәсіптік өнімдер өндіру ағымдағы жылдың 9 айында 3,7 пайызға өскен

Алматыда ағымдағы жылдың алғашқы тоғыз айындағы қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын талқылаған жиын өтті.

Алматы. 25-қазан. Kazakhstan Today - Алматыда өнеркәсіптік өнімдер өндіру ағымдағы жылдың 9 айында 3,7 пайызға өскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің Алматы әкімінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Алматыда ағымдағы жылдың алғашқы тоғыз айындағы қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын талқылаған жиын өтті.

Алматыда 2012 жылдың 9 айындағы қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы шығарылды.

"Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы бастығы Сардар Қабдолов даму көрсеткішінде ілгерілеушілік бар екенін айтты. 9 айда өнеркәсіп өнімдері өндіру көрсеткіші 3,7% артты. Құрылыс көлемі 15,6 % (оның ішінде баспана 24% артты); көлік - 25,8%; байланыс - 12,8%; тауар айналымы - 7,6%; инвестиция - 9,2%; экономиканы несиелеу көрсеткіші 29,3% ұлғайды", деп жазылған хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны