11.09.2006, 16:32 3148

Алматыда Орталық Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастығына мүше елдердің электр энергиясы жүйесін реттеуші органдары форумының отырысы өтуде

АЛМАТЫ. 11 қыркүйек. Kazakhstan Today. Алматыда Орталық Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастығына мүше елдерінің электр энергиясы жүйесін реттеуші органдары форумының отырысы өтуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігі мен Азия даму банкінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан форум жұмысына Орталық Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастығына мүше елдерінің реттеуші органдары өкілдері , сондай-ақ, АҚШ, Канада, Италия, Венгрия, Австрия сарапшылары қатысуда.

Шараның мақсаты- энеркетика саласын реттеу, мәселелерді шешу, жетістікке қол жеткізу тәжірибелерімен алмасу. Екінші отырыс барысында Қазақстанның электр желісі компанияларын жекешелендіру тәжірибесі қаралады.

Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Бақытжан Сағынтаев форум отырысын ашу кезінде сөйлеген сөзінде Қазақстанның реттеу мәселесіндегі тәжірибесі " Орталық Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастығына мүше елдердің реттеуші органдары үшін басты үлгі болуы мүмкін", екендігін мәлімдеді. Оның айтуынша, республикада "энергетика саласында нәтижелі реформаларды жүзеге сыруға бағаны реттеу жүйесін жетілдірудің арқасында қол жетті".

Б.Сағынтаев өткен жылы республикада табиғи монополия саласында баға саясатының тұжырымдамасы қабылданғанын айтты. " Бұл сала мемлекеттік реттеудің тиісті нормативті-құқықтық базасының жасалып енгізілуімен қатар дамиды",-деді ол.

Сондай-ақ , агенттік төрағасы үстіміздегі жылы ұлттық электр желісі арқылы энергия тарату қызметіне аймақтық баға есебінің әдістемесі енгізілгенін атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша, қатысушылар тариф деңгейінің ашықтығын қамтамасыз ету мен бағаны реттеу әдістемелерін жетілдіру туралы ұсыныстарын жасайды.

Орталық Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастық ұйымының құрамына

Изірбайжан, Ауғанстан, Қытай , Қазақстан , Қырғызстан, Монғолия, Тәжікстан және Өзбекстан елдері кіреді. Ұйымға мүше елдердің реттеу органдары форумының алғашқы отырысы өткен жылы шілде айында Пекинде өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны