17.10.2011, 15:35 3805

Алматыда өткен ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесінде шаруалар 120 млн теңгенің өнімін сатты

Алматы облысының ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге арналған қалалық жәрмеңке өткен сенбі күні "Астана" алаңында өткен. Жарты күн ішінде жеткізілген бүкіл өнім сатылып кеткен. Нақтылап айтсақ, алматылықтар 64 тонна ет, 9,5 тонна сүт, 150 тонна көкөніс өнімдері, сонымен қатар, 250 тонна - балықтар, дәнді-дақылдар, шырындар, бал және т.б өнімдер сатып алған.

Алматы. 17-қазан. Kazakhstan Today - Алматыда өткен ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесінде шаруалар 120 млн теңгенің өнімін сатты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отыр.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы облысының ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге арналған қалалық жәрмеңке өткен сенбі күні "Астана" алаңында өткен. Жарты күн ішінде жеткізілген бүкіл өнім сатылып кеткен. Нақтылап айтсақ, алматылықтар 64 тонна ет, 9,5 тонна сүт, 150 тонна көкөніс өнімдері, сонымен қатар, 250 тонна - балықтар, дәнді-дақылдар, шырындар, бал және т.б өнімдер сатып алған.

Жәрмеңкеге Алматы облысының16 ауданы мен 3 қаласы, атап айтқанда Еңбекші қазақ, Талғар, Ұйғыр, Панфилов, Райымбек, Алакөл, Сарқант, Көксу, Ақсу, Кербұлақ, Ескелдi және тағы басқа аудандар мне Талдықорған, Қапшағай, Текелi қаласының шаруалары қатысқан.

Жәрмеңкеде сатылған өнімдердің құны базар бағасынан 15-20% төмен болды. Мұндай шара мегаполис нарығындағы бағаны тұрақтандыру үшiн қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны