18.05.2018, 14:19 9884

Алматыда "Сайран" автовокзалы жанындағы алаӊ мен "Тастақ" базары қайта жасалады

"Сайран" автовокзалыныӊ меншік иесі қала басшысына нысан айналасын одан әрі дамытудыӊ алдын - ала жасалған концепциясын көрсетті. Автовокзалдыӊ көлік логистикасын түгел жаӊарту және вокзал жанын фонтан, кафе, жасыл желектер және балалар алаӊы арқылы абаттандыру жоспарланған.

Алматы. 18 мамыр Kazakhstan Today - Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде Төле би көшесі бойымен жүріп өтіп, "Сайран" автовокзалын реконструкциялау мен "Тастақ" базарын қайта жасаудыӊ барысын тексерді.

"Сайран" автовокзалыныӊ меншік иесі қала басшысына нысан айналасын одан әрі дамытудыӊ алдын - ала жасалған концепциясын көрсетті. Автовокзалдыӊ көлік логистикасын түгел жаӊарту және вокзал жанын фонтан, кафе, жасыл желектер және балалар алаӊы арқылы абаттандыру жоспарланған.

Мегаполис басшысы автовокзал маӊы көпшілікті өзіне тартатын шағын аудан болуы тиіс екендігін атап өтті. Мұнда қазірдіӊ өзінде заӊсыз салынған құрылыстар алынып, нысан сырты жаӊаруда.

"Сайранды" тез арада қайта жасап, оныӊ айналасын абаттандыру қажет. Автовокзал жолаушылары ғана емес, сонымен қатар жақын маӊдағы үйлердіӊ тұрғындары біздіӊ бұл жерді қашан ретке келтіретінімізді асыға күтуде", - деді Бауыржан Байбек.

Жұмыс сапары кезінде қала әкімі Төле би көшесі бойымен жүріп өтіп, "Тастақ" әмбебап базарын қайта жаӊарту барысын қарап шықты.

Сауданы заманауи форматқа көшіру мақсатында базар иелері 450 млн. теӊге инвестиция бөлген. Екі қабатты, жалпы алаӊы 4,2 мыӊ шаршы метр болатын нысан салынды, шілде айында оған кәсіпкерлердіӊ басым көпшілігі көшіріледі. Осыдан кейін базардыӊ екінші кезегі реконструкцияланады.

Дәл осы күні Бауыржан Байбек Абай даӊғылы бойында салынып жатқан "Алматыбасжоспар" нысаныныӊ құрылысымен және Республика алаӊын реконструкциялаумен танысты.

Айта кетерлігі, Алматыда биылғы жазда бұрын қайта жасалған Панфилов, Жібек Жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Байсейітова,Төлебаев көшелері мен "Астана" алаӊынан өзге қаланыӊ бірқатар негізгі даӊғылдары жаӊарады.Мегаполистіӊ барлық аудандарында 150-ден стам көшені жөндеу мен 600 ауланы қайта жасау жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны