05.01.2012, 15:12 4256

Алматыда салықтан жиналған қаржы көлемі 11 трлн. 25 млрд. теңгеге жетті

Алдын ала жасалған мәліметтер бойынша Алматы қаласының салық төлеушілері тарапынан 2012 жылдың 1 қаңтарында салық пен басқа да міндетті төлемдерден түскен қаржы көлемі - 1 трлн. 25 млрд. теңгені құраған.

Алматы. 5-қаңтар. Kazakhstan Today - Алматыда салықтан жиналған қаржы көлемі 11 трлн. 25 млрд. теңгеге жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, алдын ала жасалған мәліметтер бойынша Алматы қаласының салық төлеушілері тарапынан 2012 жылдың 1 қаңтарында салық пен басқа да міндетті төлемдерден түскен қаржы көлемі - 1 трлн. 25 млрд. теңгені құраған.

Мегаполис тұңғыш рет өз тарихында бюджетке осыншалық үлкен салықты жинап отыр. Осылайша, Алматы тағы да республикалық бюджеттің басты доноры екенін дәлелдеп отыр.

2008 жылдың мамыр айында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов кіші және орта бизнес, банк және түрлі ассоциация өкілдерімен кездесу барысында олардың алдына кәсіпкерлікті "көлеңкеліктен" алып шығуды міндет етіп қойған болатын. Осы ретте фискальды органдар тиянақты жұмыстар атқарды. Соның арқасында салық та көп түсті. Кәсіпорындардың дағдарыстан шығуының да оң ықпалы болды. Мәселен, Алматы қаласында 2011 жылдың 11 айы ішінде 398,2 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі шығарылды, бұл 2010 жылдың қаңтар- қараша айларының деңгейімен салыстырғанда 114,9% құрады.

Салық пен түрлі төлемдердің мол жиналуы әлеуметтік- экономикалық мәселелерді ойдағыдай шешуге де ықпал етуде. Денсаулық сақтау мен білім беруге, халықты әлеуметтік жағынан қорғауға айрықша назар аударылып келеді. Түскен мол салықтардың арқасында ауруханалар, бала бақшалары, мектептер салынып, күрделі жөндеулерден өтуде, қымбат қондырғылар алынып, әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбекақылары өсуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны