04.07.2017, 17:15 5250

Алматыда "Шанхай-Алматы" бизнес семинары өтті

2016 жылы Алматы мен ҚХР арасындағы тауар айналымы жарты миллиард долларға жетті. Бұл 2015 жылдыӊ осы мерзімімен салыстырғандағы көрсеткіштен 30 пайыз жоғары. Бүгінгі күні Алматыда Қытайдыӊ қатысуымен 300-ден астам кәсіпорын сәтті жұмыс жүргізуде. Бұлар экономиканыӊ 50 саласында еӊбек етуде.

Алматы. 4 шілде. Kazakhstan Today - Алматыда 1 шілдеде Алматы қаласыныӊ Сауда және инвестиция палатасыныӊ ұйымдастыруымен "Шанхай-Алматы" бизнес семинары өтті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Алматы - Қазақстанныӊ ірі мегаполисі болса, Шанхай - Қытайдағы еӊ ірі қала әрі елдіӊ коммерциялық және мәдени орталығы болып табылады.

"Іс-шараға қазақстандық кәсіпорындармен ынтымақтастық орнатудан, инвестициялық жобалар жасаудан, технология алмасудан, экспорттық-импорттық операциялардан мүдделі, тауар және қызмет ұсынушы 50-ден астам Қытай компаниясы қатысып отыр. Қазақстан жағынан конференцияға шамамен 70 компания қатысуға ниет білдірді. Екі ел кәсіпорындарыныӊ мұндай белсенділігі мен қызығушылығы өзара сауда-экономикалық байланыстарға тыӊ мүмкіндіктер ашып отырған Қазақстан мен Қытай басшылығыныӊ "Бір белдеу - бір жол" және "Нұрлы жол" бағдарламаларына арқау болған идеялардыӊ өзектілігі мен уақытын тапқандығыныӊ айқын дәлелі. Біздіӊ палатаныӊ көмегімен қазақстандық көптеген кәсіпкерлер жыл сайынғы халықаралық көрмелер, кездесулер мен бизнес миссияларға атсалысады. 2015 жылдан бері біз Қытайға өз өнімін экспорттауға мүдделі қазақстандық өнім өндірушілермен белсене жұмыс жүргізіп келеміз. Қазіргі күні 80-нен астам қазақстандық өнім өндіруші өз өнімін Қытайға экспорттау ниеттерін растады. Бұл - ет, сүт, өсімдік және малшаруашылығы өнімдері",- деді "Шанхай-Алматы" бизнес семинарыныӊ ашылуында сөз алған Алматы қаласыныӊ Сауда және инвестиция палатасыныӊ бас директоры Мұхтархан Бияров.

Конференцияда ортаға салынған мәліметке сәйкес, 2016 жылы Алматы мен ҚХР арасындағы тауар айналымы жарты миллиард долларға жетті. Бұл 2015 жылдыӊ осы мерзімімен салыстырғандағы көрсеткіштен 30 пайыз жоғары. Бүгінгі күні Алматыда Қытайдыӊ қатысуымен 300-ден астам кәсіпорын сәтті жұмыс жүргізуде. Бұлар экономиканыӊ 50 саласында еӊбек етуде.

Қазақстан өнімдерініӊ экспортын ілгерілету үшін Қазақстан мен Қытай бірлескен "Almaty Expertise -CCIC" ЖШС БК құрылған.

Қазақстанда өнім өндіруші немесе сауда компаниясы өнімді Қытайға сату үшін сол жерде тіркеліп, оған код беріледі. Бұдан кейін өндірістіӊ өзі сараптамадан өтуі керек. Қытайдыӊ карантиндік инспекциясы өндіріске комиссия жіберіп тексереді.

"Мысалы, сіз бал өнімдерін шығарамын десеӊіз, ол араныӊ балы қалай өндірілетіндігі, шырын қайдан жиналатындығы, өндіріске берілген жердіӊ экологиялылығы секілді факторлар тексеріліп, сертификацияланады. Сондай сертификатпен ғана өнім шығаруға болады. Өнім өндірушілер Ауылшаруашылығы министрлігіне өтінім беріп, гигиеналық сертификациялаудан өтуге сараптамадан өту үшін тізімге кіру керек",- дейді Мұхтархан Бияров.

Қазақстаннан Қытайға импортталатын өнім еӊ алдымен елге енгізуге рұқсат алуға тиіс. Бұдан кейін импорттаушы өз өндірісінде тексеру жүргізуі қажет.

Палата төрағасыныӊ айтуынша, Қытайдыӊ карантиндік инспекциясы мынадай өтініш жасап отыр: "әр компанияға комиссия жіберіп отыру мүмкін емес, сол себепті бірнеше компания бірігіп ұйымдасу арқылы өтініш берсе, комиссия бірден келіп тексеріп шығар еді. Бұл әр компанияға түсетін қаржылық салмақты да азайтады".

Шанхай сауда палатасыныӊ ұйымдастырумен іс-шараға қатысқан компания өкілдеріне Алматыныӊ инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды. Бұл таныстыруды Алматы қаласыныӊ Инвесторларға қызмет көрсету орталығыныӊ қызметкері Мадияр Данияров таза қытай тілінде жүргізіп, конференция қатысушылары - қытайлық өкілдердіӊ ризашылығы мен қошеметіне бөленді. Ол 3 жыл Шанхай қаласында білім алған екен.

Бизнес-семинардыӊ соӊы компаниялардыӊ жеке кездесулеріне ұласты.

Шанхай - Дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі 2010 жылы өткен орын. Осыған байланысты Қытайдыӊ негізгі провинцияларыныӊ бірі болып табылатын алып қала "Астана ЭКСПО -2017" Дүниежүзілік көрмесіне қатысу аясында, 2017 жылғы шілденіӊ 1 мен 5 аралығында Астанада "Шанхай апталығын" өткізгенін айта кету керек.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны