26.02.2007, 17:29 2764

Алматыда тәуекелді басқару жөніндегі Үшінші Халықаралық бас қосу өтеді

АЛМАТЫ. 26-ақпан. Kazakhstan Today. Алматыда 2007 жылдың 26-27 сәуірінде "InterContinental Almaty" (Анкара) қонақ үйінде тәуекелді басқару жөніндегі дәстүрлі Үшінші Халықаралық бас қосу өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бас қосуды осымен үшінші жыл қатарынан өткізуге бастама көтеруші әрі ұйымдастырушысы - "Евразия" жетекші сақтандыру компаниясы.

Аталмыш бас қосуда тәуекелді басқару жөніндегі бас мамандар мен сарапшылар, ірі қазақстандық және халықаралық ұйымдардың топ-менеджерлері баяндамалар жасап, өздерінің пікірлері мен көзқарастарын білдіреді. Осы жылы аталмыш бас қосуға Қазақстаннан, ТМД елдерінен, Таяу Шығыс және Солтүстік Америка мен басқа да елдерден 200-ден астам адам қатысады деп күтілуде. Бас қосуға келесі спикерлер шақырылған: Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Жан Лемьер, Илемдік банктің Ғаламдық басқару институтының директоры Даниель Кауфман және басқа да көптеген тұлғалар.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігінің, Қазақстан Республикасының Алматы аймақтық қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі Агенттігінің, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының және тағы басқа да өкілдер қатысады деп жоспарлануда.

Бұрын хабарлағанымыздай, ""Еуразия" Сақтандыру компаниясы" АҚ 1995 жылы құрылған. Компания Қазақстанның сақтандыру нарығының тарихында бірінші рет 2006 жылы бір жыл ішінде 100 млн АҚШ долларынан астам сақтандыру сыйақыларын жинады. Сонымен қатар, өз иелігінде қалған қаржы деңгейі 9 млрд теңгеден (72 млн АҚШ доллары) асты.

2006 жылы ""Еуразия" Сақтандыру компаниясы" АҚ халықаралық рейтингтік агенттіктердің қаржылық тұрақтылық жөніндегі рейтингіне ие болды. Мәселен, Standard & Poor's агенттігі "Еуразия" сақтандыру компаниясына контрагент ретінде ұзақ мерзімді несиелік рейтинг берсе, сақтандыру компниясының қаржылық тұрақтылығына қатысты "В+" рейтингін, сондай-ақ, ұлттық шкала бойынша "kzBBB" ұзақ мерзімді рейтингін "Тұрақты" деген болжаммен берді.

Ал "A.M.Best" агенттігі қаржылық тұрақтылығы бойынша B++ (Very Good) деңгейіндегі рейтингін , сондай-ақ, "bbb" несиелік рейтингін берген, рейтингтердің болжамы - "Тұрақты".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны