22.05.2008, 17:30 3291

Алматыда ТМД елдерінің қор нарықтарын реттеушілердің кездесуі өтті

Алматыда ТМД елдерінің қор нарықтарын реттеушілердің кездесуі өтті

Алматы. 22 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда мамырдың 21 -22 күндері ТМД-ға мүше мемлекеттердің бағалы қағаздар нарығын реттейтін мемлекеттік орган жетекшілерінің VII кеңесі болып өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Қаржылық бақылау агенттігінің төрайымы Елена Бахмутованың айтуынша, кешегі отырыста 7 мәселе мен бірқатар жобалар, кеңестер қарастырылған. Атап айтқанда, бағалы қағаздар нарығының қатысушыларын лицензияландыруға қойылаатын талаптар талқыға салынды.

Сонымен қатар, отырыс барысында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің бағалы қағаздар нарығын реттейтін мемлекеттік органдардың инвесторларды қорғау мақсатымен конфиденциалдық сипаттағы ақпаратпен өзара алмасуы туралы келісім жобасы талқыланды.

"Біз талқылаулардың соңында бірнеше хаттамалық шешімдерге қол қоюға ниеттеніп отырмыз. Мен мынаны атап өткім келеді: біздің жұмысымыз негізінен мүше мемлекеттердегі жағдаймен танысуға бағытталған. Бұл нарықтың дамуы жайлы шұғыл ақпараттармен біздің танысып отыруымыз үшін және проблемалық мәселелерді жеңу бойынша бір-біріміздің тәжірибемізді пайдалана алу үшін, сондай-ақ, бір-бірімізбен жақындасу үшін қажет. Біз алдымызға заңдарымызды толығымен бір-бірімен сәйкестендіруді қойып отырғамыз жоқ. Дегенмен, осы кедергілерді жою үшін жақындасу қажет", - деп атап көрсетті Е. Бахмутова.

Украинаның бағалы қағаздар және қор нарығы жөніндегі мемлекеттік комиссиясының мүшесі Владимир Харицкий атап көрсеткендей, ТМД-ға мүше мемлекеттердің бағалы қағаздар нарығын реттеу жөніндегі мемлекеттік орган жетекшілерінің кеңесі ТМД елдерінің ұлттық қор нарықтарының дамуына ықпал ететін кеңестерді жасап шығарған. Атап айтқанда, ол оның екі түрін атады.

"Бірінші кеңес бағалы қағаздардың эмитенттерінің инвесторлар үшін ақпаратты жариялау талаптарына қатысты. Бүгінгі таңда бұл проблемаға аса үлкен мән берілуде. Екінші кеңес, ұлттық рыноктардағы брокерлер мен дилерлердің қызметіне қатысты. Кеңес осы кәсіби қатысушыларға қойылар талапты барынша төмендетіп бекітуді, сондай-ақ, олардың тарапынан бағалы қағаз нарығында заң бұзушылықтар мен асыра пайдалануды болдырмауға бағытталған", - деп түсіндірді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны