27.05.2008, 10:24 1486

Алматыда төмендетілген бағамен ауыл шаруашылық өнімдері сатылатын болады

Алматыда төмендетілген бағамен ауыл шаруашылық өнімдері сатылатын болады

Алматы. 27 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда төмендетілген бағамен ауыл шаруашылық өнімдері сатылатын болады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы қаласының кәсіпкерлік пен өнеркәсіп департаменті төмендетілген бағамен сатылатын ауыл шаруашылық өнімдерінің бөлшек сауда желісін ұйымдастыру жобасын жүзеге асыру туралы қала базарларының әкімшіліктерімен келісімге қол қойған.

"Муниципалдық қатарлар" жобасының аясында Алматы қаласының 15 азық-түлік базарынан ауыл тұрғындарына 150 орын берілмек. "Муниципалдық қатарларда" жеміс-көкөніс өнімдерімен сауда бөлшек саудаға қарағанда 15 - 20 пайызға төмен болады", - деп хабарлайды баспасөз қызметі. Жобаны жүзеге асыру маусым аралығына белгіленген.

Сондай-ақ, өнім оңтүстік өңірлер мен көршілес мемлекеттердің ауыл шаруашылық тауарын өндірушілерден тікелей тасымалданатын болады. Бұл ретте "ДанКО" компаниялар тобы олардың пайдалануына Алматының қаласының маңында орналасқан көкөніс сақтау қоймасын беруге міндеттеліп отыр.

Жеміс-көкөкніс өнімдерін төмендетілген бағамен төмендегі базарлардан ала аласыздар: "Алматы Сауда", "Жұлдыз", "Кәрім", "Саудакент", "Тастақ", "Арыстан", "Жаңа", "Сарыарқа", "Береке" жәрмеңкесі", "Верный", "Д-Маркет", "Ақбұлақ", "Алматы-1", "Алтай" және "Керуен".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны