20.09.2012, 14:21 3494

Алматыда Transit-Kazakhstan көрмесі өтуде

Бұл шараның мақсаты нарық қатысушыларын көлік-логистика саласының өнімдерімен және жаңа қызметтерімен таныстыру болып табылады.

Алматы. 20-қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда өтіп жатқан "Transit-Kazakhstan-2012" халықаралық көрмесінде Орталық Азияның көлік, логистика, машина жасау және оларға жанама салалардың соңғы жетістіктері таныстырыуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл шараның мақсаты нарық қатысушыларын көлік-логистика саласының өнімдерімен және жаңа қызметтерімен таныстыру болып табылады.

Айта кету кетек, көрмеге әлемнің 13 елінен: Беларусь, Германия, Грузия, Израиль, Иран, Қытай, Латвия, Литва, Ресей, Украина, Финляндия, Эстония және Қазақстан елдерінен 150-ден астам кәсіпорын қатысуда.

Ағымдағы жылы көрме аумағы 50 пайызға кеңейіп, қатысушылардың қатары 30 пайызға ұлғайды. "Transit-Kazakhstan 2012" көрмесінің жалпы ауданы 2000 шаршы метрден асады.

Тағы бір айта кететін жайт, көрмеге қатысушылардың 44 пайызын қазақстандық компаниялар құрады. Кәсіпорындары ең көп қатысып отырған алғашқы бестікке Қазақстанмен қоса Ресей, Латвия, Литва, Украина және Беларусь елдері кіріп отыр.

Теміржол көлігінің инфрақұрылымын ұлттық операторлар - "Қазақстан темір жолы" ҰК, "Беларуская Чыгунка", "Укрзализныця", "Литувос Гележенкеляй", "Латвияс Дзельдзельш" және "Российские железные дороги" компаниялары таныстырса, теңіз көлігі саласын - Ақтау, Вентспилсский және Батуми сауда айлақтары таныстыруда.

Көрме аясында сондай-ақ Кеден одағының жаңа заңнамасын түсіндіруге арналған семинарлар және "Эстония - Қазақстанның Еуропаға ашылған теңіз қақпасы" жобасының таныстырылымы өтеді.

Көрмемен қатар Алматыда "Қазақстан - Жаңа Жібек жолы - Еуропа мен Азия аралық көпірі" тақырыбына арналған "дөңгелек үстел" отырысы, "Жаһандық сауда ығыттары, ықпалдастық үдерістер жағдайындағы көлік-логистикалық шешімдер", "Халықаралық серіктестік", "Контейнерлік тасымалдағы интермоделді шешімдер" тақырыптарына арналған сессия өтуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны