28.04.2018, 13:17 6527

Алматыда "Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаӊғырту" бағдарламасы шеӊберінде 130 үйге кешенді жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады

Оныӊ сөзінше, мемлекет басшысыныӊ бес бастамасыныӊ шеӊберінде жастарды қолдау, оныӊ ішінде "Алматы жастары" қалалық бағдарламасы бойынша жалғасатын болады. Өткен жылы 1 млрд. теӊге бөлініп, 100 жас отбасы пәтер алды.

Алматы. 27 сәуір. KazakhstanToday - Алматыда "Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаӊғырту" бағдарламасы шеӊберінде 130 үйге кешенді жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Бұл туралы Алматы қаласы Өӊірлік коммуникациялар қызметініӊ алаӊында өткен брифингте Алматы қаласыныӊ Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасыныӊ басшысы Ілияс Өсеров айтты.

Оныӊ сөзінше, мемлекет басшысыныӊ бес бастамасыныӊ шеӊберінде жастарды қолдау, оныӊ ішінде "Алматы жастары" қалалық бағдарламасы бойынша жалғасатын болады. Өткен жылы 1 млрд. теӊге бөлініп, 100 жас отбасы пәтер алды.

Бағдарлама жоғары баға алды (6 мыӊнан астам өтінім берілді).

Сұраныстыӊ жоғарылығын ескере отырып, биылғы жылы бағдарламаны іске асыру жалғасатын болады. Қосымша 2 млрд. бөлінді. Бұл жас отбасыларына 5%-дық мөлшерлемемен бастапқы жарнасыз өз тұрғын үйін сатып алуға мүмкіндік береді.

"Нұрлы жер" бағдарламасы шеӊберінде жыл сайын өз уақытында пайдалануға беру үшін салынып жатқан үйлерге сыртқы инженерлік желілер салынуда.

Сонымен қатар, Бағдарлама шеӊберінде 47 үйдіӊ құрылысын аяқтау үшін 9,8 млрд. теӊгеге облигациялар шығарылды ,-деп атап өтті ол.

Сондай-ақ, "Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаӊғырту" бағдарламасы шеӊберінде 130 үйге кешендік жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Өздеріӊіз білетіндей, өткен жылы 455 аула, ал биылғы жылы қаланыӊ барлық аудандарында қосымша тағы да 585 аула абаттандырылды.

Ян Гейлдіӊ тұжырымдамасы шеӊберінде Назарбаев, Абай, Абылайхан даӊғылдарыныӊ, Республика сарайы алдындағы алаӊныӊ жаяу жүргіншілер аймағын абаттандыру бойынша жұмыс жалғасатын болады. Сондай-ақ ағымдағы жылы 6 саябақ пен гүлзарлар абаттандырылатын болады,- дейді басқарма басшысы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны