24.12.2009, 18:04 3904

Алматыда үлескерлер пәтер кілттерін алды

Алматыда үлескерлер пәтер кілттерін алды

Алматы. 24 желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Ахметжан Есімов бүгін "Алматыинвестстрой" ЖШС, "BS Group" ЖШС, "Верный.KZ" ЖШС-тердің үлескерлеріне, сонымен қатар "Меркур Град" ЖШС-тің үлескерлеріне де пәтер кілттерін тапсырды, жалпы бұлардағы үлескерлер саны - 826, деп хабарлайды Kazakhstan Today қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Меркур Град"тұрғын үй кешені "Думан-2" ықшамауданында орналасқан, мұнда 30 тұрғын үй бар, бұлардағы пәтер саны - 1673. Тұрғын үй кешеніне тапсырыс беруші - "Меркур Град"ЖШС. Кешен құрылысы 2007 жылдың қаңтар айында басталып, тапсырыс берушінің қаржы тапшылығынан 2008 жылдың тамыз айында тоқтап қалған.

2008 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасының үкіметі Алматы қаласында үлескерлері бар тоқтап қалған құрылыс нысандарын аяқтау мақсатында қаладағы өкілетті органдарды қаржыландыру үшін Алматы қаласына 10 млрд теңге бөлу жөнінде қаулы шығарған болатын. Ведомоствоаралық комиссия отырысының хаттамалық шешімімен үлескерлері бар коммерциялық құрылысты ретке келтіру үшін "Үкімет- Икімдік- Құрылысты салушы" жүйесі бойынша қаржыландырыландырылатын нысандар тізімі жасалып, бекітілді, соның ішінде "Меркур Град" тұрғын кешенінің 14 үйі бар. Құрылысты аяқтауға бөлінген қаржы - 4, 76 млрд теңге.

Аталған құрылыстарға тапсырыс беруші - "Күрделі құрылыс кәсіпорны" ( "ПКС" ЖШС). Бұл кәсіпорын арнайы шешіммен Алматы қаласы әкімдігінің жанынан құрылған.

Бүгінгі күні 826 пәтерлі 14 тұрғын үй іске қосылды. Мұның ішінде "Меркур Град" ЖШС-нің 327 үлескері бар. Ал бос тұрған пәтерлерге "Верный KZ" ЖШС-нің - 199 отбасы; "BS Group" ЖШС-нің - 140; "Алматы Инвестстрой" ЖШС- нің - 160 отбасы орналасады.

"Меркур Град" ЖШС-де пәтерге ие болған жалпы үлескерлер саны - 499 адам.

Қазіргі кезде Алматы қаласы ведомоствоаралық комиссия шешімімен үлескерлер "Бір үлескер - бір пәтер" жүйесі бойынша пәтермен қамтамасыз етіледі.

"Меркур Град" ЖШС-де әлі де құрылысы аяқталмаған 855 пәтер бар, аталған кешен құрылысының екінші кезеңі жүзеге асқанда қалған үлескерлер тиісті пәтерлерін алады. Бұл бағытта "Самрұқ-Қазына" Жылжымайтын мүлік Қоры АҚ-ымен бірлесіп жұмыс істеу жоспарлануда.

Үлескерлер мәселесімен қатар ипотекалық несие бойынша пәтер алатын үлескерлер мәселесін де кешенді ше жөнінде Үкіметтің шешімі бар, соның арқасында екінші деңгейлі банктерден алынған несиенің пайыздық көлемі төмендеді. "Самрұқ-Қазына" Ұлттық әл- ауқат қоры АҚ қаржыландыратын құрылыс салушылар тізімі жасалып, бекітілді.

Қала әкімі жаңа пәтер иелерін көптен күткен қуаныштарымен құттықтап, совет және поссоветтік кезеңдерде мұндай үлкен көлемді құрылыстың болмағандығын ерекше айтып өтті. Алматыда алғаш рет 7,5 мың пәтер беріліп, 30 мыңға жуық адам қоныс тойын тойлайды. Жалпы, үстіміздегі жылы 4300 үлескер мәселесі шешілді. 2010 жылдың 1 қаңтарына шамамен 8200 үлескер қалып тұр, оның 2-мыңы өз күштеріне сеніп отыр, 5200 үлескердің тұрғын үй құрылысы мемлекеттің қолдауымен жүзеге асуда, 430 проблемалы үлескер мәселесі де дұрыс шешімін таппақ, 560 үлескердің ісімен қаржы министрлігінің арнайы комитеті айналысады.

" Егер өткен жылы осы кезде проблемаларды шешеміз деп үміттенсек, біз қазір нық қадаммен алға басып, үлескерлер мәселесін қалай шешу жолдарын да игердік. Дағдарыс барысында тек мемлекет қана салынатын нысандар құрылысын қаржыландыра алады. Осы ретте біздің Президентіміз асқан көрегендік пен батыл қадам жасап, алданған үлескерлерді қолдау үшін мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлу туралы шешім қабылдады", - деп атап өтті қала әкімі.

Қазіргі кезде алаяқ құрылыс салушылар сотталған, олардың мүліктері тәркіленіп, мемлекет қаржысы солардың есебінен өндірілетін болады.

2009 жылы Алматыда жалпы көлемі 1 млн 50 мың шаршы метр пәтер іске қосылды.

2010-2012 жылдары есеп бойынша 8,0 мыңнан астам үлескер пәтермен қамтамасыз етіледі, оның ішінде Мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алатын 5276 үлескерлер үшін 11 тұрғын үй құрылысы да одан әрі жүруде. Ал, 2161 үлескері бар 18 тұрғын кешенін құрылысты жүргізушілер өз күштерімен тұрғызуда.

Мемлекеттің қолдауын қажет ететін үлесті құрылыстарды аяқтау үшін тағы да 75 млрд. теңге бөлу жөнінде Алматы қаласы әкімдігі мен "Самрұқ-Қазына" Ұлттық әл- ауқат қоры АҚ арасында меморандумға қол қойылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны