14.03.2013, 10:21 3116

Алматыда ұсыныстың шектеулі болуынан тұрғын үй бағасы қымбаттайды

"Менің ойымша, биылғы жылы Алматыда жылжымайтын мүлік арзандамайды. Өйткені, ол жеткілікті емес. Бізде сапалы тұрғын үй тапшылығы әлі бар", - деп ол "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне мәлімдеді.

Астана. 14-наурыз. Kazakhstan Today - Алматыда ұсыныстың шектеулі болуынан тұрғын үй бағасы қымбаттайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматыда 2013 жылы тұрғын үй арзандамайды, дейді Қазақстан жылжымайтын мүлік федерациясының бірінші вице-президенті Аида Есмағамбетова.

"Менің ойымша, биылғы жылы Алматыда жылжымайтын мүлік арзандамайды. Өйткені, ол жеткілікті емес. Бізде сапалы тұрғын үй тапшылығы әлі бар", - деп ол "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне мәлімдеді.

А.Есмағамбетованың айтуынша, Алматыда тұрғын үй жетіспейді, алайда баспана жағдайларын жақсарту қажеттілігі бар. Осы орайда тұрғын үй бағасы аз да болса өседі деген пікірдемін, дейді ол.

Алматыда Астанаға қарағанда жаңа үйлер салынып жатқан жоқ, дағдарыста тоқта қалғандар ғана аяқталуда.

Сарапшы қазір нарықтағы пәтерлерге тоқталсақ, жақсы ұсыныстар аз, ал жақсы тұрғын үй сатып алғысы келетіндер ұзақ іздейтінін айтады.

Былтырғы жылы Алматыда тұрғын үй 7-8%-ға қымбаттады.

Сарапшы биыл өсім 10%-дан кем болмайды деген пікірде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны