29.05.2017, 17:56 3629

Алматыда ұзындығы 83,7 километр болатын 114 көше қосымша жөнделетін болады

Бүгінгі күні қалада жоспарланған 250 мыӊ шаршы метр жолдыӊ 50 мыӊ шаршы метріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Алматы. 29 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгінгі күні қалада жоспарланған 250 мыӊ шаршы метр жолдыӊ 50 мыӊ шаршы метріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 97 мыӊ шаршы метр тротуарлар, 130 бекеттер алаӊдары абаттандырылуда, 12 магистральды және ұзындығы 31,27 км болатын аудандық маӊызы бар жолдар орташа жөндеуден өтуде. 1 маусымнан бастап ұзындығы 30,75 км болатын 19 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұлардан өзге, депутаттар мәслихаттыӊ соӊғы сессиясында ұзындығы 83,7 км болатын 114 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қосымша 2,5 млрд. теӊге бөлу жөніндегі шешімді бірауыздан қолдады.

Маусым айында көше- жол жүйесініӊ көлік өткізу қабілетін арттыруға ықпал ететін трамвай рельстері сүріліп, 18 жол бұрылысында орташа жөндеу жұмыстары басталады. Торайғыров және Каблуков көшелерінде ұзындығы 3,7 км болатын велосипед жолы салынып, айналасы абаттандырылады.

Шевченко, Қонаев, Өтепов көшелеріндегі 7,5 км жердегі трамвай рельстері алынады. Бұл учаскелерге де орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, бордюрлер реттеліп, арық жағалаулары, бекет нүктелері, велосипед жолдары көріктендіріледі.

Қазіргі кезде Байтұрсынов көшесі, Тимирязев көшесінен Абай даӊғылына дейінгі аймақ қайта жасалып, велосипед жолдары ретке келтірілуде, Жандосов көшесі, Сайын көшесінен Таусамалы елді мекеніне дейінгі ұзындығы 2,08 км. жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүруде. Жалпы, жолдарды жөндеу жобасында көлік қозғалысы бөліктерін 4 жолаққа дейін кеӊейту, "Қарғалы" өзені арқылы өтетін көпірді қайта жасау, ұзындығы 2 км болатын веложолдар мен ұзындығы 4 км болатын тротуарларды абаттандыру да қарастырылған.

Жақын күндері Алатау ауданындағы Алғабас және Ақбұлақ ықшам аудандарында ұзындығы 10,9 км болатын жолдыӊ, ал Наурызбай ауданындағы Қалқаман және Алты Алаш елді мекендерінде ұзындығы 17,3 км болатын жолдардыӊ құрылыстары басталады.

Жалпы, Алматыда жолдарға жүргізілетін құрылыс- жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 9,5 млрд. теӊге бөлінген.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны