06.04.2018, 23:07 7522

Алматыда вокзалдар қайта жаӊғыртылады

Алматы-1 теміржол вокзалы бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы жасау жұмыстары 2018 жылдыӊ қарашасында, ал жөндеу жұмыстары - 2019 жылдыӊ соӊында аяқталады", - деді Көрпебаев

Алматы. 6 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін қалалық теміржол бекеттерініӊ жұмысы бойынша қоғамдық кеӊестіӊ отырысында "Қазақстан темір жолы" АҚ" АҚ-ныӊ вокзал шаруашылығы жөніндегі атқарушы директоры Жұбан Көрпебаев Алматы-1 және Алматы-2 теміржол бекеттерін жөндеу және қайта жаӊғырту жұмыстары жоспарланып отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Алматы-1 теміржол вокзалы бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы жасау жұмыстары 2018 жылдыӊ қарашасында, ал жөндеу жұмыстары - 2019 жылдыӊ соӊында аяқталады", - деді Көрпебаев.

Оныӊ түсіндіруінше, бүкіл инженерлік жүйе, инфрақұрылым толығымен жаӊғыртылып, вокзал аумағы, күту залдары мен негізгі платформалар кеӊейтіледі.

Сондай-ақ, оныӊ хабарлауынша, биыл Алматы-2 теміржол вокзалын жаӊғырту жобасын жасай бастау жоспарланып отыр.

"Жобалық-сметалық құжаттаманы жасау жұмыстары 2019 жылдыӊ ортасына таман, ал құрылыс-монтаж жұмыстары 2020 жылдыӊ желтоқсанына дейін аяқталады", - деді Көрпебаев.

Оныӊ айтуынша, ауқымды қайта жаӊғырту жұмыстары, атап айтқанда, қосымша терминал салу, екінші, үшінші және төртінші жолдарға өткелдер және қала маӊындағы бағыттарға арналған жолаушылар платформасын салу көзделуде.

"Дүйсенбі күні біз Алматы қаласыныӊ әкімімен кездестік, қалалық қызметтермен байланыстамыз. Бірлесе отырып іс-шаралардыӊ егжей-тегжейлі жоспарын жасайтын боламыз",- деді "Қазақстан темір жолы" АҚ" АҚ-ныӊ вокзал шаруашылығы жөніндегі атқарушы директоры.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны