13.05.2017, 16:15 2671

Алматыда жалақыны "хат қалтада" алатындарға медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу ескертілді

Жалақыны "хат қалтада" алатындар үшін тегін медициналық қызмет көрсетілмейтін болады, деп ескертеді Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті.

Алматы. 13 мамыр. Kazakhstan Today - Жалақыны "хат қалтада" алатындар үшін тегін медициналық қызмет көрсетілмейтін болады, деп ескертеді Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті.

Мекемедегілер 2017 жылдыӊ 1 шілдесінен бастап Қазақстанда Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МИМС) жүйесі қолданысқа енгізілетінін еске салады. Жаӊа жүйе шеӊберінде 2018 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап медициналық көмек алуға болады.

"Жүзеге асырылып жатқан реформаныӊ мән-жайын түсіндіру және азаматтардыӊ әлеуметтік мәртебелерін анықтау мақсатында үйлерді аралау нәтижесінде еӊбек шартын түзбей жалданып жұмыс істеу оқиғалары анықталды. Олардыӊ арасында үй күтушілері, күзетшілер, бала күтушілер, жүргізушілер мен бақша баптаушылар бар", - деп түсіндіреді Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысыныӊ орынбасары Қанат Балтабеков.

Мекемедегілер жалақыны "хат қалтада" алатындар үшін, аударымдар болмауға байланысты, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алу қолжетімсіз болуы мүмкін екенін атап көрсетеді. Жұмыс берушілер өз қызметкерлері үшін аударымдарды өз қаражатынан жасайды, ал қызметкерлер автоматты түрде медициналық көмек алушыларға айналуға тиіс.

"Мемлекеттік кіріс органы қызметкерлерініӊ екі апталық үй аралауы нәтижесінде мүлікті жалға беруге байланысты 749 дерек анықталған, олардыӊ арасынан 569 тұлға жеке кәсіпкер ретінде тіркеуде тұр, тағы 117 тұлға түсініктеме жұмыстарыныӊ нәтижесінде өз беттерімен жеке кәсіпкер ретінде тіркелді", - деп хабарлайды МКД.

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелген өз бетімен жұмысқа қамтылғандар Илеуметтік медициналық сақтандыру қорына өз пайдасына ай сайын 2 еселенген еӊ төменгі айлық жалақыныӊ 5 пайызы, яғни, 2017 жылы ай сайын 2446 теӊге мөлшерінде жарна төлейді, деп түсіндіреді мекемедегілер.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтыӊ "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты 2017 жылғы 31 қаӊтардағы Қазақстан халқына жолдауына сәйкес, биылғы 1 шілдеден мемлекеттіӊ, жұмыс берушілердіӊ, азаматтардыӊ ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті медициналық сақтандыру жүйесі (ММСЖ) енгізіле бастайды. Бұл жүйеніӊ тиімділігі әлемдік тәжірибе арқылы дәлелденген.

Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушыларға кеӊ ауқымдағы медициналық қызметтер ұсынылады. Оған халықтыӊ әлеуметтік әлсіз топтарыныӊ қатысуына мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

Үкіметке осыған байланысты қажетті деӊгейде денсаулық сақтау саласын ақпараттандыру міндеттелген. Бәсекелестікті дамыту үшін жеке меншіктегі медицина мекемелеріне ММСЖ жүйесі аясында теӊ жағдай туғызу керек, деді Елбасы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны