01.09.2016, 13:50 3788

Алматыда жаӊа жолайрығында көлік қозғалысы ашылды

Алматыда Сайын көшесі мен Рысқұлов даӊғылыныӊ қиылысында жаӊа жолайрығы ашылды. Оныӊ көлік өткізу қабілеті тәулігіне 200 мыӊ автомобильді құрайды, деп хабарлайды қалалық әкімдік.

Алматы. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда Сайын көшесі мен Рысқұлов даӊғылыныӊ қиылысында жаӊа жолайрығы ашылды. Оныӊ көлік өткізу қабілеті тәулігіне 200 мыӊ автомобильді құрайды, деп хабарлайды қалалық әкімдік.

Жолайрығыныӊ сапасын қала басшысы Бауыржан Байбек тексеріп, оныӊ айналасын абаттандыру жөнінде тапсырма берді.

"Жасалған келісім бойынша құрылыс толық аяқталып, қаланыӊ коммуналдық меншігіне берілу мерзімі қараша айы болатын, алайда қала басшылығыныӊ тапсыруы бойынша жолайрығын қозғалыс біршама көп болатын 1 қыркүйекте ашу жөнінде шешім қабылданды",- деді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығыныӊ орынбасары Ғани Мырзаханов.

Жол айрығы соӊғы технологияны пайдалана отырып салынды әрі сейсмикалық қуаты мықты. Ол 9 баллға дейінгі сілкініске төтеп бере алады. Болашақта Сайын көшесі мен Момышұлы көшесі 3 шақырым ұзындықта бірігетін болады.

Атап өтерлік жайт, қазіргі кезде тағы да 4 жолайрығыныӊ құрылысы басталды, бұлар 2018 жылы пайдалануға беріледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны